AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нұржан Нұржігітов «Су үнемде - болашақты сақта» ат...

Нұржан Нұржігітов «Су үнемде - болашақты сақта» атты ауқымды жобасын бастады

Әлеумет 17.03.2025, 15:11 978 dulatbekova
Нұржан Нұржігітов «Су үнемде - болашақты сақта» атты ауқымды жобасын бастады
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су үнемдеу тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Су үнемде - болашақты сақта» атты ауқымды жобаны бастап берді.

Қоғамда су үнемдеу мәдениетін дамытуға бағыталған жоба Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен жүзеге асып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Жоба аясында бір мезетте Астананың 111 мектебінде сынып сағаттары өтіп, 200 мыңға жуық оқушы еліміздің су ресурстары және оны үнемдеудің маңызы туралы ақпаратпен танысты. Балалар суды тиімді пайдалану жөнінде өз ойларымен бөлісіп, оны сақтау тақырыбында сурет салды.

Нұржан Нұржігітов №104 мектептің оқушыларына елімізде су ресурстарын үнемдеу және оны тиімді пайдалану бойынша ведомствоның атқарып жатқан жұмысы туралы айтып берді. Министрлік 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің Жол картасын әзірледі. Құжат су заңнамасын жетілдіру, су саласын цифрландыру, суды есепке алу мен су үнемдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды көздейді. Бұдан бөлек, тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленді.

Министр «ашық микрофон» форматында оқушылар мен мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуде су үнемдеу әдістері, өзен-көлдерді сақтау және су саласының мамандарын оқыту жөнінде сұрақтар қойылды.

«Неліктен біз мектеп оқушыларынан бастауды жөн көрдік? Себебі, мектеп жақсы әдет пен дұрыс дағды үлгісін қалыптастыруға қолайлы орта болып табылады. Бұл жоба оқушылардың су ресурстарының маңызы туралы білімін арттыруға, жастардың экологиялық жауапкершілігін дамытып, қала мектептерінде су үнемдеу қозғалысын қалыптастыруға арналған. Біз алдағы уақытта бұл жобаның ауқымын республика көлемінде одан әрі дамытып, барлық жастағы азаматтарды қамтуды жоспарлап отырмыз. Себебі су - ортақ байлық, бәріміз үшін қажет құнды ресурс. Оны үнемдеуге және сақтауға барлығымыз үлес қоса аламыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Су үнемде - болашақты сақта» #ашық сабақ #ауқымды жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);