Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Нұр жолы» кеден бекетінде көліктер неге тоқтап қа...

«Нұр жолы» кеден бекетінде көліктер неге тоқтап қалды?

Әлеумет 25.12.2023, 17:51 1,184
«Нұр жолы» кеден бекетінде көліктер неге тоқтап қалды?
Gov.kz

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк автокөліктерінің тоқтап қалуына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


БАҚ-та «Нұр Жолы» кеден бекетінде жүк автокөліктерінің тоқтап қалуы туралы ақпарат жарияланды.


Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қазақстандық азаматтардың тауарлары тиелген ондаған автокөлік құралдары Қытаймен шекарадағы – «Нұр Жолы» кеден бекетінде 11 күннен астам уақыт бойы тұр.


Бүгінгі таңда жүк автокөліктерінің жиналуына жол бермеу үшін бүкіл сыртқы шекарада «CarGoRuqsat» электронды кезегі сәтті жұмыс істеуде.


Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр Жолы» кеден бекетінде автокөлік құралдарының жиналуы жоқ екенін хабарлайды.


Тауар айналымы мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында «Нұр Жолы» кеден бекеті тәулік бойы жұмыс режиміне көшкен.


Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-мен бүкіл шекарада автокөлік құралдарының жиналуы жоқ екенін, барлық кеден бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.


Өз кезегінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және алу мақсатында, дұрыс емес декларациялау тәуекелдеріне күдік болған жағдайда, кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты бақылауды жүзеге асыруға міндетті.


Бақылау шараларының бірі көлік құралдарында ілеспе құжаттарда мәлімделмеген тауарлардың болу тәуекелдері болған жағдайда тағайындалатын және кезектілік тәртібімен жүзеге асырылатын тексеру болып табылады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#кеден #көлік #кептеліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика