AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Нөсер жауын жауып, өзендер арнасынан асып жатыр

Нөсер жауын жауып, өзендер арнасынан асып жатыр

Әлем 27.12.2023, 05:57 1,303
Нөсер жауын жауып, өзендер арнасынан асып жатыр
Сурет: pixabay.com

Германияда толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірнеше өзен суы арнасынан асып кетті. Осыған байланысты бірқатар елді мекен тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Еuronews.com-ға сілтеме жасап.



Германияда бірнеше аймақтың, атап айтқанда Тюрингия мен Төменгі Саксонияның тұрғындары нөсер жаңбыр салдарынан Рождество күні үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ерекше толассыз жауыннан жергілікті өзендер арнасынан асып, электр желілері мен кәріз жүйелері бұзылды.


Тюрингия губернаторы Бодо Рамелоу халықты сабыр сақтауға шақырады.




«Адамдар үш күн бойы үйлеріне қайта алмауы мүмкін және олар осыған дайын болулары керек. Олар үйлеріне біз жертөлелерден суды сорғытып, электр қуатын қалпына келтіріп, кәріз жүйесін жөндегеннен кейін ғана қайтады», - деді ол.




Көршілес Чехияда да ылғал көп, кей аудандарда жоғары деңгейлі дайындық режимі сақталып отыр. Жергілікті биліктің айтуынша, бұған жаңбыр да, мұздың белсенді еруі де себеп. Прагада кейбір паромдар жұмысын тоқтатты.


Нидерландыда синоптиктер қатты жаңбырға байланысты су деңгейінің динамикасын мұқият қадағалап отыр. Өзендерге іргелес жатқан аудандар ерекше бақылауға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауын #Жаңбыр #өзен #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда демеушілер есебінен тағы бір сквер пайда болады

Кеше 21:07

Нұрлыбек Нәлібаев «Londian Wason» және «NAIKAN» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 20:30

ӘСЕМ ОРЫНБАЙ 2028 ЖЫЛЫ ЛОС-АНДЖЕЛЕСТЕ ӨТЕТІН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

Кеше 19:34

Алматының Бостандық ауданында абаттанған бес жаңа қоғамдық кеңістікті таныстырды

Кеше 17:38

Алматыда жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);