AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы то...

Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы тоқырау кезеңіне өтті, бірақ алда қайта қымбаттауы мүмкін

Экономика Бүгін 12:40 43 yakiya
Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы тоқырау кезеңіне өтті, бірақ алда қайта қымбаттауы мүмкін
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко осылай деді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы қазір тоқырау кезеңін бастан өткеріп жатыр. Бірақ алдағы 3–5 жылда тұрғын үй қайта қымбаттауы да мүмкін. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко осылай деді. Оның айтуынша, нарыққа халық санының өсуі, қаладағы көші-қон мен 2008–2009 жылы туғандардың үй ала бастағаны да әсер етеді екен.

Сонымен қатар сарапшы дәл қазір тұрғын үй бағасы күрт өседі деп кесіп-пішуге де болмайтынын атап өтті. Айтуынша, елдегі жылжымайтын мүлік нарығы шамамен бір жылдан бері дағдарып тұр екен, ресми статистика мұндай кезде нарықтың жай-күйін дәл бағалауға қауқарсыздау болады.

«Соңғы айлардағы динамикаға қарасақ, инфляция шегіндегі ауытқуды байқаймыз. Қаңтарда өсім 2,5% болса, кейін 0,2%, 0,1% және 0,6% болды. Бұл нарықтың тоқтап тұрғанын көрсетеді. Оның үстіне статистика көбіне нақты мәмілеге емес, жарнаманың бағасына негізделіп жасалады. Сондықтан ресми көрсеткіш мен нақты жағдай бірдей емес», — дейді Нина Лукьяненко.

Сарапшының айтуынша, әсіресе екінші деңгейлі тұрғын үй нарығына қысым күшейген. Кеңес кезінде салынған ескі пәтерлер біртіндеп ипотекалық бағдарламадан шығып жатыр, себебі банктер 50 жылдан асып кеткен үйлерді несиелеуге құлықсыз. Бұл мұндай нысандардың бағасына тікелей әсер етеді.

«Егер пәтерге ипотека берілмесе, сатушы сатып алушылардың басым бөлігін автоматты түрде жоғалтады. Ал сұраныс азайған кезде баға төмендей бастайды. Қазір екінші нарықтағы тұрғын үйлер жаңа үйлермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болып барады, өйткені құрылыс компаниялары бөліп төлеу, төмендетілген мөлшерлемелер, жөндеу жұмыстары мен басқа да бонустарды ұсынады», — деді спикер.

Нина Лукьяненко қолжетімді ипотеканың өзі де кезінде тұрғын үй бағасының қымбаттауына әсер еткен фактордың бірі болғанын айтты. Оның сөзінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану кезеңі жылжымайтын мүлік бағасының күрт өсіп, мәмілелер санының артуына алып келген.

«Кез келген адам арзан ипотека ала алатын кезде нарық автоматты түрде қызып кетеді. Зейнетақы жинақтарын пайдалану кезеңінде дәл осылай болды. Қосымша қаржылық қолдау тоқтағаннан кейін бағалар біртіндеп кері шегіне бастады. Сондықтан жеңілдетілген бағдарламалар атаулы сипатта болып, тек әлеуметтік осал топтарға бағытталуы керек», — деп есептейді сарапшы.

Ол сондай-ақ ипотекалық мөлшерлемені 20%-ға дейін төмендету туралы талқылауға пікір білдірді. Сарапшының ойынша, мұндай мөлшерлеме де қазақстандықтардың көпшілігі үшін тым жоғары болып қала береді.

«Адамдар мөлшерлеменің төмендеген туралы жаңалықты көріп, баспана қолжетімді бола түседі деп ойлайды. Бірақ 20% мөлшерлемемен де артық төлем өте жоғары күйінде қалады. Оның үстіне мұндай шарттар бастапқы жарнасы 30%-дан асатын адамдарға ғана ұсынылуы мүмкін. Яғни жинағы аз адамдар бұрынғыдай қымбат несие алуға мәжбүр болады», — дейді спикер.

Сарапшы жалдамалы тұрғын үй нарығындағы жағдай туралы да айтты. Оның сөзінше, Алматы мен Астанадағы жалдау нарығы әлі де маусымдық фактор мен студенттердің сұранысына қатты тәуелді. Жазда нарық әдеттегідей саябырсып, күзде баға қайта өседі баға.

«Жыл сайын мамыр айының соңында студенттер үйіне қайтады, сол кезде нарықта эконом-класстағы бос пәтерлер көбейеді. Қыркүйекте сұраныстың жаңа кезеңі басталады. Кампустар мен жатақханалардың салынуы да жалдау нарығына әсер етпейді, өйткені қалалар жұмыс, бизнес пен ішкі көші-қон есебінен адамдарды тартуын жалғастырып жатыр», — дейді ол.

Тұрғын үй қауіпсіздігі туралы айта келе, Лукьяненко жер сілкіністерінен кейін жеке үйлерге қызығушылық артқанын, алайда көпқабатты үйлердегі пәтерлерден жаппай бас тарту болмағанын айтты. Оның сөзінше, сатып алушылар қазір тек жоғарғы қабаттарға сақтықпен қарай бастаған, сол себепті мұндай пәтерлерге 10%-ға дейін жеңілдік жасалуы мүмкін.

Сарапшы қазақстандықтарды салынып жатқан тұрғын үйді сатып алғанда мұқият болуға және тек үлестік қатысу шартын рәсімдеуге шақырды.

«Бүгінде мемлекет құрылыс компанияларына қойылатын талапты айтарлықтай күшейтті, лицензияларды тоқтату мен заңсыз нысандарды бұзу жұмысы басталды. Бірақ басты кеңес өзгермейді: тек үлестік қатысу туралы келісімшарт жасау керек. Ал брондау, инвестициялау немесе бірлескен қызмет секілді басқа схемалар сатып алушыға толыққанды қорғаныс бермейді», — деп түйіндеді Нина Лукьяненко.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Бүгін 13:06

Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Бүгін 11:46

Алматыда қандай мамандық сұранысқа ие екенін айтты

Бүгін 11:39

Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған байқау

Бүгін 11:32

ІІМ оқушылар мен студенттерге үндеу жасады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);