AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге де...

Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Әлеумет Бүгін 11:46 42 yakiya
Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Алматы жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыда қолдауды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл қалада жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 380 мемлекеттік грант беріп, сондай-ақ бизнес бастайтын кәсіпкерлерді оқытып, оларды қолдау жағын жоспарлап отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов осылай деді.

Спикердің айтуынша, қазір өзінің жеке ісін ашып, тұрақты табыс табуды көздейтін азаматтарды қолдауға ерекше мемлекет көңіл бөлініп отыр екен.

Бауыржан Жаубасовтың айтуынша, жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған мемлекеттік грант 1 730 000 теңге мөлшеріндегі қайтарымсыз қаржылай көмек. Ол ақша жаңа бизнесті іске қосып, дамытуға берілмекші.

«Гранттар бизнес бастаған кәсіпкерлерге өз идеясын жүзеге асыруға, қажетті құрал-жабдық сатып алуға, өндірісті жолға қойып, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына көп көңіл бөліп отырмыз», — деп толықтырды сөзін басқарма басшысы.

Грант қаражатын бизнес жүргізуге қажетті құралдарды, технологиялық жабдықтар мен басқа да қажетті затты сатып алуға жұмсауға болады. Бірақ оны тұтынушылық мақсатқа, несиені жабуға, тұрғын үй немесе жер телімін сатып алуға, сондай-ақ акцизделетін өнім өндіруге пайдалануға болмайды.

Грант алатындардың қатарына тіркелген жұмыссыздар мен тіркелгеніне үш жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер іліге алады. Сонымен бірге үміткер әлеуметтік санаттың біріне жатуы тиіс.

Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар, қандастар, қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатын азаматтар бар.

Міндетті шарттың бірі — «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаттың болуы.

«Қала тұрғындарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығы жоғары екенін көріп отырмыз. Сондықтан алматылықтарға өз ісін ашып, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға көмектесетін қолдау бағдарламаларын дамытуды жалғастыра береміз», — деп атап өтті Бауыржан Жаубасов.

Өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.

Грантпен қолдаудан бөлек, Алматыда жұмыспен қамту бағдарламалары аясында азаматтарды оқытып та жатыр. Атап айтқанда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қаладағы бизнес бастаған 406 кәсіпкер оқып, қолдау алған.

Сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта тігінші, аспаз, кондитер, визажист, маникюр шебері, шаштараз, флорист пен құрылыс саласының маманы секілді сұранысқа ие 40 мамандық бойынша 282 бос орын бар екен.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мемлекеттік қолдаудың барлық түрі бойынша кеңесті Алматыдағы Әлеуметтік қызметтер үйінен алуға болатынын ескертті. Мекенжайы: Достық даңғылы, 85. Азаматтарды қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы тоқырау кезеңіне өтті, бірақ алда қайта қымбаттауы мүмкін

Бүгін 12:40

Алматыда қандай мамандық сұранысқа ие екенін айтты

Бүгін 11:39

Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған байқау

Бүгін 11:32

ІІМ оқушылар мен студенттерге үндеу жасады

Бүгін 11:22

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) қабылдайды: 50 елден 900-ден астам қатысушы, 8 фиджитал спдисциплина және 4 млн АҚШ долларынан астам жүлде қоры

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);