ffin.kz

Неше қазақ қандас атанды?

Неше қазақ қандас атанды? Сурет: Almaty-akshamy.kz

Биыл 1630 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген.


Еңбек министрлігінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметінше, 19 476 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Министрліктің ақпаратына сай, 1991 жылдан бері республикамызға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралған.


Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың:


51,9%-ы Өзбекстаннан,


19,6%-ы Қытайдан,


10,8%-ы Моңғолиядан,


8,5%-ы Түрікменстаннан,


7,2%-ы Ресейден,


2%-ы басқа елден келген.


Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9% және зейнеткерлер 8,6% болды.



"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 33,6%-ы орта кәсіби білімді, 42,8%-ы жалпы орта білімді, және 8,3%-ның білімі жоқ", делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.



Ведомствоның мәліметінше, қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған. Сонымен бірге қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.


Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 337 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 053 қандас қоныс аударды.


Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:


бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде;


тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.


Министрліктің дерегінше, жыл басынан бері 1630 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 614 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1630 адам біржолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.



Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.



Ведомство осы жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылғанын еске салды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда республиканың шет елдердегі мекемелері арқылы этникалық қазақтардан жаңа форматта 2 058 өтініш (690 отбасы) қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55