AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Не нәрсеге аллергияңыз бар екенін қалай түсінуге б...

Не нәрсеге аллергияңыз бар екенін қалай түсінуге болады? 

Мұны білген жөн 01.08.2025, 12:31 786 Сұлу
Не нәрсеге аллергияңыз бар екенін қалай түсінуге болады? 
Сурет: online-apteka.com.ua

Аллергиялық ринит - бұл аллергиядан туындаған мұрын шырышты қабығының инфекциялық емес қабынуы. Яғни, иммундық жүйе тозаңмен, үй шаңымен, жануардың шашымен белсенді күресе бастайды, нәтижесінде ісіну, мұрыннан су ағу, түшкіру және қышу пайда болады. Дәрігерлер мұнымен күресудің жолын айтты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Риниттің ең көп таралған "арандатушылары": өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлардың жүні, зең мен саңырауқұлақтар, парфюмерия, тұрмыстық химия. Тұқым қуалаушылық та үлкен рөл атқарады. 

"Егер мұрыннан су аға берсе, бірақ температура болмаса, тамақ ауырмай, жағдайы қалыпты болса, бұл аллергия болуы мүмкін. Суық тиген кезде сіз аз түшкіресіз. Егер мұрын, көз, тіпті құлақ қышыса, бұл аллергияның әдеттегі белгісі. Егер көктем сайын немесе күзде мұрыннан су аға бастаса, бұл - аллергия. Суық тигенде әдетте 5-7 күнде кетеді, аллергия бірнеше айға созылуы мүмкін", - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығының басшысы, аллерголог-иммунолог дәрігер Арай Батырбаева.

Емделмеген аллергиялық ринит созылмалы синуситке әкелуі мүмкін, ұйқының бұзылуы және шаршау, концентрация мен өмір сапасының төмендеуі, бронх демікпесі пайда болады. Бұл әсіресе балалар үшін қауіпті: нашар ұйқы, түнде тыныс алу проблемалары, ашуланшақтық, мектептегі үлгерімнің төмендеуі.

Не нәрсеге аллергияңыз бар екенін қалай түсінуге болады? 

Бірінші қадам -аллерголог немесе оториноларингологқа бару керек. Әрі қарай дәрігер арнайы IgE антиденелеріне тері сынамалары мен қан талдауын тағайындай алады.

Одан біржола құтылуға болады ма? 

Кейбір жағдайларда аллергенге сезімталдықты нөлге дейін төмендетуге болады:

  • Мүмкіндігінше аллергендерден аулақ болыңыз,
  • Тозаң маусымы кезінде терезелерді жабық ұстаңыз,
  • Кірді балконға емес, үйде жайыңыз,
  • Ауа тазартқыштар мен шаңсорғыштарды қолданыңыз,
  • Егер жануарларға реакция болса, олармен байланысты шектеңіз,
  • Аптасына кемінде үйіңізде 2 рет дымқылдап тазалаңыз. 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#аллергия #денсаулық #дәрігер #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);