AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Навальныйдың өліміне Кремль кінәлі емес - сарапшы...

Навальныйдың өліміне Кремль кінәлі емес - сарапшы пікірі

Заң мен тəртіп 16.02.2024, 12:18 1,318
Навальныйдың өліміне Кремль кінәлі емес - сарапшы пікірі
Сурет: Rbc.ua

Навальный колонияда қайтыс болды: оның тромбы үзіліп кеткен.


Алексей Навальный Хар деген елді-мекендегі «Полярный волк» түзету колониясында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Навальный өлімі жайлы Ямало-Ненец автономиялық округінің федералды жазаны орындау қызметі  басқармасы мәлімдеген.



«Сотталған Навальный А.А. серуендеп келгеннен кейін, өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.


Мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.


Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді, бірақ олар оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын айтты»,  - делінген ресми түрде таралған ақпаратта. 



Естеріңізге сала кетейік, Алексей  Навальный - ресейлік саясаткер, заңгер, елдегі жемқорлық пен парақорлықты әшкерелейтін тергеулер арқылы аты шыққан оппозиция көшбасшыларының бірі болатын.


Навальный, екі рет шартты түрде сотталған, «Ив Рошер» ісі бойынша жазасын өтеу шарттарын бірнеше рет бұзғаны үшін оған ездеу жарияланған еді. 2021 жылдың 2 ақпанында сот оған шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ол сондай - ақ 2022 жылдың наурызында сотты қорлағаны және сайлау науқанына қаражат жинау алаяқтықтары үшін және 2023 жылдың тамызында экстремистік қоғамдастық құрғаны үшін кінәлі деп танылды.


Жақында Ресейде 15-17 наурыз аралығында президент сайлауы өтеді. Саяси оппозиционердің өлімі бұл науқанға қалай әсер етеді және бұл өлім қастық болуы мүмкін бе деген сауалға саясаттанушы, «Alatau aqparat» медиахолдингінің сарапшысы Пердехан Шәмшиев жауап берді.



«Меніңше, ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың өлімі қастандық емес. Әрине, тергеп-тексеру нәтижесін күту керек. Бірақ оның денсаулығы нашарлағаны бәрімізге белгілі.


Кремль әлде оның саяси дұшпандары тарапынан қастандық жасалды деп те айта алмаймын. Себебі, бір айдан соң 15-17 наурызда Ресейде Президент сайлауы өтеді. Сайлаудан алдын Кремльге азаматтық қоғам және Навальныйдың жақтастары тарапынан наразылық көңіл-күйдің өскені қажет емес. Иә, саяси технология тұрғысынан сайлаудан алдын саяси және азаматтық белсенділерді осындай қастандық арқылы қорқыту дұрыс болар, бірақ ұзақ уақыттық перспективада керісінше әсер етуі мүмкін. Навальныйдың өлімі алдағы сайлау науқанына ғана емес, Ресей мен Украина арасындағы дағдарысқа да әсер етуі мүмкін деп айтар едім. Әрине Мәскеуге бұл тиімді емес», - дейді саясаттанушы Пердехан Шәмшиев.



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Навальный #оппозиционер #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика