AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Наурыздың 22-сі күнгі күн райы болжамы

Наурыздың 22-сі күнгі күн райы болжамы

Өмір-өзен 22.03.2022, 04:15 1,570
Наурыздың 22-сі күнгі күн райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде өңірдің солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады


«Қазгидромет» РМК-сы 22 наурыз күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 22 наурызда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығыс аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік жартысында жауын-шашын қар және жаңбыр жауады.


Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, солтүстікте, батыста және шығыста жаяу бұрқасын соғады.


Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең батыста және оңтүстікте тұман түседі.


Павлодар облысының күндіз және түнде оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүсігінде 25 м/с-қа дейін күшейеді.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын соғады, түнде батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз 15-20, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.


Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде өңірдің солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей уақыттарда 25 м/с дейін күшейеді.


Ақтөбе облысының түнде орталығында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, орталығында жел күшейіп, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді.


Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.


Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.


Батыс Қазақстан облысының солтсүтігінде тұман түседі.


Түнде Атырау облысының шығысында және орталығында тұман түседі.


Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #тұман #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика