Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызда қанша күн демалыс

Наурызда қанша күн демалыс

Әлеумет 23.02.2025, 13:10 961
Наурызда қанша күн демалыс
Сурет: Aqshamnews.kz

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 14 күн демалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"ҚР мерекелер туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы - мемлекеттік мерекелер. Ал аталған заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке тойланатын күндер демалыс күндері болып саналады.

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн - 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болады.

Дегенмен наурызда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндері болғанына қарамастан, ол мерекелер де аталып өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) – Жерге орналастыру, геодезия және картография қызметкерлері күні

БҰҰ КҮНТІЗБЕСІ

  • 1 наурыз – «Нөлдік кемсітушілік» күні; Дүниежүзілік теңіз балдырлары күні;
  • 3 наурыз – Дүниежүзілік балалар телерадио хабарларын тарату күні; Дүниежүзілік жабайы табиғат күні;
  • 4 наурыз – Дүниежүзілік семіздікке қарсы күрес күні;
  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
  • 10 наурыз – Халықаралық әйел судьялар күні;
  • 15 наурыз – Халықаралық исламофобиямен күрес күні;
  • 20 наурыз – Халықаралық бақыт күні; БҰҰ жанындағы Халықаралық француз тілі күні және Халықаралық франкофония күні;
  • 21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні; Нәсілдік кемсітушілікті жоюдың халықаралық күні; Халықаралық орман күні; Халықаралық Даун синдромы бар адамдар күні; Наурыз мейрамы;
  • 22 наурыз – Дүниежүзілік су ресурстары күні;
  • 23 наурыз – Дүниежүзілік метеорологтар күні;
  • 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні; Халықаралық адам құқықтарының өрескел бұзылуы және құрбандардың абыройына қатысты ақиқат орнату құқығы күні;
  • 25 наурыз – Халықаралық құлдық және трансатлантикалық құл саудасы құрбандарын еске алу күні; Халықаралық қамауға алынған және хабарсыз кеткен қызметкерлермен ынтымақтастық күні.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #демалыс #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Кеше 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Кеше 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Кеше 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Кеше 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Кеше 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика