AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Наурызбайлық қолөнершілер

Наурызбайлық қолөнершілер

Мәдениет 20.03.2024, 14:42 1,370
Наурызбайлық қолөнершілер
Сурет: Самат Құсайынов

Наурыз мерекесін дәріптеді.


Наурызбай ауданы жастарының Комьюнити орталығы қолөнершілер мен шағын қолданбалы өнер (хэнд-мейд стилінде) шеберлерінің «Гауһартас» көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Көрмеге ұйытқы болған наурызбайлық қолданбалы өнер шеберлерімен бірге, қаламыздың өзге аудандарынан да келген шебер-жетекшілер жастардың қолынан шыққан қолөнер туындыларын ұсынды. Алаң иелерінен өзге, Түрксіб, Алмалы ауданынан келген қолөнер шеберлері әкелген жастардың қолынан шыққан өнер туындыларын тамашаладық. Ауданда өткен «Гауһартас» атты шағын қолөнер бұйымдарының көрмесіне келушілер – негізінен, қаламыздың белсенді демалыс  орталықтарының жетекшілері, өкілдері.



«Шараның басты мақсаты – Мемлекет басшысы атап айтқандай, Наурыз мерекесін, яки татулық пен ынтымақ мейрамын өз деңгейінде өткізу. Демек, онкүндік аясында «Наурызнама» дәрежесінде мағыналы думандату. Біз де осы Ұлыстың ұлы мерекесін әр күні әралуан етіп тойлатып жатырмыз. Бүгін «Жаңару күні» болғандықтан, қазақтың бағзыдан бері бар дүние-мүлкін жаңғыртып, олардың шағын көлемдегі түрлерін  көрмеге шығарып отырмыз.   Алматы қалалық Жастар саясатын қолдау орталығымен бастамасымен құрылған біздің орталық  белсенді жастарға арналған. Жастарымыз қазақтың ұлттық дәстүрін дәріптеп, отандастарымыздың салт-санасын жаңғыртуға өзіндік үлесін осылай қосуда. Біздер жастарымыздың алтындай уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүдделіміз. Есігіміз әркез ашық», дейді Наурызбай ауданы жастарының Комьюнити орталығының жетекшісі  Алмас Байзақов.



Көрмеге келгендерің көбінің жас мөлшері 18 бен 35 жас аралығында. Десек те, қырықтың қырқасына шыққан шеберлер де әдейі келіп, жастардың жасаған өнер туындыларын көрсетіп, оның жасалу жолын тәптіштеп түсіндіріп жатты. Солардың ішінде, айрықша назар аудартқаны «Ұшқындар» демалыс орталығы жетекші-шебері алдындағы қолөнер бұйымдары болды.



«Өткенсіз болашақ жоқ» демекші, кейінгі ұрпақ ата дәстүрге қанық болуы қажет. Мына шараның танымдық мәнісі солай. Неше түрлі қолөнер бұйымдары, киізден жасалған өнімдер аса ұқыптылық пен ептілікті керек етеді. Ең бастысы, жас өренді, жастарды еңбекке баулу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



«Біз балаларды қолөнерге баулу арқылы адал еңбекке үйретеміз. Кішкентай қыздар шешелеріне түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, сыйлық әзірлейді. Әрі еңбек, әрі кішігірім табыс көзі десек толар. Өйткені, сол шағын дүние, сыйлықтың өзі құнды.  Балаларға қазақтың домбырасын үйретуді қолға алудамыз. Балалармен бірге олардың ата-аналары да қызыға үйренуде. «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» демекші, осы бір ұлттық музыкалық аспап ұлттық құндылығымыздың бастауында тұр ғой. Демалыс орталығымыз Ер Жәнібек көшесі, 3а-үйде орналасқан», дейді наурызбайлық шебер,  «Бәйтерек» демалыс орталығының жетекшісі Мейіргүл Қазыбаева.




Мына шара -- шағын көлемдегі қолөнер бұйымдарының көрмесі. Көрме бір жағынан, кәнігі шеберлер мен жас шеберлердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін басқосу. Мінекей, Ұлыстың ұлық мерекесі – Наурыз мерекесінің бір күнін  наурызбайлықтар осылай тойлатты.  


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #наурыз #шебер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика