Наурызбай ауданында емханалар жетіспейді

Наурызбай ауданында емханалар жетіспейді Сурет: Baribar.kz

Әсіресе, жоғарғы бөлігінде емханалардың жетіспеу мәселесі өзекті болып тұр.


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бүгін Наурызбай ауданының жұртшылығымен кездесті. Оның барысында аудандағы денсаулық сақтау нысандарының жетіспеушілігі мәселесі айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аудан халқының жыл сайын 10-12 мың адамға өсетінін ескере отырып, қала әкімдігі 2 жаңа емхана (500 келушіге арналған)  және 1 отбасы-дәрігерлік амбулатория (200 келушіге арналған) салуды жоспарлауда.



«Бүгінгі күні "Құрамыс" шағынауданында 500 келушіге арналған емхананың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, 2023 жылдың қаңтарында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу, 2023 жылдың II тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған», - деді қала басшысы Ерболат Досаев. 



"Шұғыла" шағынауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу үшін жер учаскесін ресімдеу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалуда.



«Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін "Ақжар" шағынауданында 200 келушіге арналған 1 дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады, қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптаманың қарауында. Құрылысты мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық процедураларды өткізгеннен кейін, 2023 жылдың II тоқсанында бастау жоспарланған», - деді қала әкімі Е.Досаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:26

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43

10:35

10:21

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12