AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / «Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтар...

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Алматы құшағында 23.03.2026, 20:58 278 dulatbekova

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы 700 орындық көшпелі шапито шатырын тігіп, қала тұрғындарына «Наурыз шоу» бағдарламасын ұсынды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көшпелі форматтағы цирк қойылымы алматылықтар мен қала қонақтарына ерекше эмоция сыйлап, мерекелік көңіл күйді арттыра түсті. Арнайы жабдықталған шатырда өткен бағдарлама дәстүрлі цирк өнерін жаңа қырынан танытып, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Шоу барысында акробаттар мен әуе гимнастары, жонглерлер мен эквилибристер, сондай-ақ көңілді сайқымазақтар өнер көрсетті.

«Бұл Қазақ мемлекеттік циркінің көшпелі кешені, яғни «шапито» форматы. Шатыр шамамен 700 көрерменге арналған», — деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

Оның айтуынша, ұсынылған бағдарламаны халықаралық деңгейдегі қойылым деуге болады. Оған ірі ареналарда өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі шетелдік артистер де қатысуда.

«Бағдарламада цирк өнерінің әртүрлі жанрын қамтуға тырыстық: үйретілген иттердің өнері, акробатикалық нөмірлер, гимнастика, эквилибр, әуе гимнастарының қойылымдары. Сондай-ақ, көрермендер жонглерлердің өнерін тамашалай алады. Бұл нөмірлерді қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік сый ретінде дайындадық. Алдағы уақытта да балаларға қуаныш сыйлай береміз», — деді ол.

«Қызым екеуміз циркке алғаш келіп тұрмыз. Әсіресе, акробаттардың шеберлігі ерекше ұнады. Қызым қатты әсер алды. Жалпы бағдарлама балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған», — деді қойылымға қызымен бірге келген Алматы тұрғыны Сәбира Құмғанбаева.

Айта кетейік, «Наурыз шоу» бағдарламасы көшпелі шапито форматында 21-25 наурыз аралығында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);