Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурыз қарсаңында Алматының бірнеше ауданында ағаш...

Наурыз қарсаңында Алматының бірнеше ауданында ағаш отырғызылды

Әлеумет 20.03.2024, 07:14 1,127
Наурыз қарсаңында Алматының бірнеше ауданында ағаш отырғызылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Наурызнаманың онкүндігін тойлау кезінде 19 наурызда Қазақстанда Жаңару күні атап өтіледі. Бұл күні қаланың аудандарында көшет егілді. Шаһар бойынша барлығы 400-ден астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматының Наурызбай ауданында Шұғыла шағын ауданы, 345/3 мекенжайындағы №200 мектепте балалар мен ата-аналар 100 туя отырғызды. Акцияға қатысушылар үшін «Қара жорға» ұлттық биі бойынша флешмоб, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды, сонымен қатар, бауырсақ пен наурыз көже таратылды.


Әуезов ауданында №116 және №119 мектептердің футбол алаңдарына 125 туя ағашы отырғызылды. Көшет егуге аудан ардагерлері, комьюнити орталықтың жастары, оқушылар және т.б. еріктілер қатысты.



Алматының Бостандық ауданында 60 қайың отырғызылды. Оның 10-ы - Сәтбаев көшесі, 90/64 мекенжайындағы №189 бөбекжай-бақшасының аумағында және 60-ы – Тұңғыш Президент саябағында. Іс-шараға аудан жастары мен «Аманат» аудандық партиясының өкілдері қатысты.


Алматының Алатау ауданында Саялы шағын ауданының 204 мектебінде ағаш отырғызылды. Онда 100 көшет егілді, олар сәнағаш пен қарағаш. Науқанға аудан әкімі Азамат Қалдыбеков қатысты. Ағаш отырғызылған соң мектепте Наурызға арналған мерекелік концерт өтті.


Қаланың басқа аудандарында ағаш отырғызу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, биыл 320 мың ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған. Бұл ретте, Алматының көгалдандырылған ауданына ерекше назар аударылады. 2030 жылға қарай қалада 2,5 млн. астам жасыл желек отырғызылады.



Естеріңізге сала кетейік, биыл Наурызнамның онкүндігі 14-23 наурыз аралығында тойланады. Соның аясында қалада көптеген іс-шара өтіп жатыр, олардың толық тізімін Алматы қаласы әкімдігінің сайтынан көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі