AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Насыбай сатқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкі...

Насыбай сатқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Заң мен тəртіп 17.04.2024, 08:13 1,493
Насыбай сатқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2020 жылы шегілмейтін темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салынды.


Насыбай сатқандар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Насыбайды тұтынудың адам ағзасына тигізетін кері әсерін ескере отырып, 2020 жылы шегілмейтін темекі бұйымдарын, оның ішінде насыбайды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салынды («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» кодексінің 110-бабының 9-тармағы)», - деді Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова.



Оның мәлімдеуінше, бұл норманы бұзғаны үшін 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 196-бабы).



«Алайда насыбайды заңсыз сату және тарату бойынша жауапкершілікті қатайту мақсатында «Денсаулық сақтау саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» парламент қабылдаған заңда шегілмейтін темекі бұйымдарын әкелу, өндіру, сату және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді (сату және тарату үшін – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкелу, өндіру үшін – 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен немесе онсыз мүлкін тәркілеу)», - деп хабарлады үкімет басшысының орынбасары.



Дүйсенова бiрнеше рет немесе аса iрi мөлшерде табыс алумен байланысты қылмыстық топ жасаса – 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не 1200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға не мүлкі тәркіленіп бес жылға дейінгі мерзімге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын айтты.


Вице-премьер заңға енгізілген нормаларды халық арасында түсіндіру бойынша тиісті профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатқанын ескертті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#насыбай #аек #заң #сату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);