AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Нартайдың сырнайы табылды

Нартайдың сырнайы табылды

Тұлға 15.07.2024, 08:52 1,125 yakiya
Нартайдың сырнайы табылды
интернет

Ақын, композитор, әнші Нартай Бекежанов 1890 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген, 1954 жылы Алматы қаласында өмірден өткен. 

Қызылорда облысында Нартай Бекежановтың сырнайы табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де ән («Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме») шығарды. Жергілікті өңірде өнер мен мәдениетті дамыту жолында ауқымды еңбек атқарды.

Құнды жәдігер Шиелі ауданы «Төңкеріс» ауылының тұрғыны Бегайым Сейітжанованың сандығында сақталған.

Ауыл тұрғыны Ілесбек қарияның айтуынша, анасы Бегайым әнге бейім, сөзге шешен болған.1943 жылы 6-7 сынып оқып жүрген кезінде Алматыдан Роза Бағланова келіп, концерт қояды. Сол кеште мектеп оқушылары да ән айтыпты.Жас таланттың дара дауысын ерекше бағалаған әнші оған өзімен бірге алып кетуге ұсыныс жасайды. Бірақ, қарт әкесі жалғыз қызын жібермепті.

«Анамыз Нартай Бекежановтың қарындасы болып келеді. Бала күнімізде үйде бір аспап тұратын. Оны ақ матамен орап, сандығына салып қоятын. Содан неше жылдай сақтаулы жатты. Нартай бұл сырнайымен 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде ән айтқан. Бұған 1990 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген "Аманат" кітабындағы сурет дәлел»,-дейді Ілесбек ағамыз.

Қазір құнды жәдігер Нартай ән мектебінің жарқын өкілі Дәулетхан Ізбасқанға табысталған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нартай Бекежанов #Сырнай #қызылорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);