AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нариман Құрбанов Алматыдағы экологиялық жарысқа қо...

Нариман Құрбанов Алматыдағы экологиялық жарысқа қолдау білдіріп, қала тұрғындарын тазалыққа шақырды

Әлеумет 13.03.2025, 16:33 807
Нариман Құрбанов Алматыдағы экологиялық жарысқа қолдау білдіріп, қала тұрғындарын тазалыққа шақырды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан ауқымды «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқан жалғасуда. 1 наурызда басталған бұл бастамаға күн сайын қарапайым тұрғындардан бастап, Олимпиада қаһармандарына дейін көптеген адам қосылып жатыр. 

Мысалы, Алматының Әуезов ауданында ерекше жүгіру жарысы өтті. Қатысушылар өздерінің физикалық дайындығын көрсетіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да белсенді атсалысып, қоқыс жинау жылдамдығы бойынша жарысты. Жарысқа 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов та қосылды.

«Мен спортшы ретінде, олимпиада жүлдегері ретінде барлық алматылықты жыл сайынғы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына атсалысуға шақырамын. Алматыда туып-өскен адам ретінде қаламыздың тазалығы – қолымызда екенін жақсы түсінемін. Әрбір азамат тек үйінің емес, қаланың да тазалығына үлес қосуы керек деп ойлаймын. Сонда ғана біз көшеде еркін жүріп, қаламыздың сұлулығына сүйсіне аламыз», – деді спортшы. 

Айта кетейік, тығыз кестесіне қарамастан, танымал спортшы сүйікті қаласының игілігі үшін экологиялық акцияларға үнемі уақыт табады.

«Біз әрдайым барынша шығуға, үйіміздің, мектебіміздің маңын тазартуға тырысамыз. Бүкіл командамызбен осындай акцияларға белсенді қатысамыз», – деді Нариман Құрбанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #Нариман Құрбанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);