AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Наполеонның қылышы 4,7 миллион еуроға бағаланды

Наполеонның қылышы 4,7 миллион еуроға бағаланды

Әлем 27.05.2025, 11:54 733 yakiya
Наполеонның қылышы 4,7 миллион еуроға бағаланды
Drouot / Giquello

Бұл қарудың екінші нұсқасы Санкт-Петербургтегі Эрмитаж мұражайында сақталып тұр.  

Париждегі аукционда Бонапарттың тарихи жәдігері 4,7 миллион еуроға бағаланды. Француз императоры Наполеонның қылышының сатылғанын Hotel Drouot аукцион сайтына сілтеме жасап Le Figaro хабарлады.

Қару алғашында 700 000 еуродан 1 миллион еуроға дейін бағаланған. Бәссаудада сатылған қылышқа "Наполеон дәуірінің ең қымбат артефактілерінің бірі" деген ерекшелік қоса берілген.

– Бұл сома 2007 жылы 4,8 миллион еуроға сатылған Маренго шайқасындағы семсер рекордына жақын, – деп жазылған хабарламада.

Аукцион саудасын қыздыра түскен қылыш Наполеонның жеке қаруы еді. Бонапарт 1802-1803 жылдары Версаль мануфактурасының директоры Николя-Ноэль Бутеге қаруға тапсырыс берген.

Наполеон I император болғаннан соң да билігінің соңына дейін қаруланып жүрді. Содан кейін ғана қылышты маршал Эммануэль де Гручиге сыйға тартты. Қаруды осыған дейін қолбасшының ұрпақтары сақтаған.

2021 жылы Бонапарттың парадтық қылышы мен 5 тапаншасы 2,87 миллион долларға сатылған-ды. Наполеонның бұл қаруларды 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс кезінде қолданғаны белгілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наполеон #қылыш #аукцион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Бүгін 18:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);