AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Мың бояулы аспан» халықаралық шарлар фестивалі өт...

«Мың бояулы аспан» халықаралық шарлар фестивалі өтеді

Әлеумет 23.06.2023, 04:52 1,099
«Мың бояулы аспан» халықаралық шарлар фестивалі өтеді
Сурет: Ognialatau.kz

Аталған шара Қонаев қаласында демеушілердің қаржыландыруымен  өтеді.


Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жобаны мемлекеттік бюджеттен 183 млн теңгеге қаржыландыру жоспарланған. Алайда, демеушілер тарту жұмыстары оң нәтиже беріп, «Мың бояулы аспан» халықаралық шар фестивалі коммерциялық жоба ретінде жергілікті демеушілер мен кәсіпкерлік құрылымдармен келісім жасау арқылы өткізілетін болып, қайта мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Фестиваль Қонаев қаласының ірі іс-шаралар мен отбасылық мерекелерді өткізу орны ретінде оң имиджін қалыптастырады және Алматы облысында оқиғалы туризмді ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде айқындалады. Оның негізгі мақсаты – облыстың, осы аймақтың және мемлекетіміздің туризмі мен экономикасын дамытуға жәрдемдесу.


Оқиғалы туризм – әлемде кең танымалдыққа ие болған және Қазақстанда даму сатысында тұрған туристік қызметтің перспективалық бағыты. Ол басқа туристік қызмет түрлерінің ішінде интерактивтілігімен, яғни іс-шараға адамдардың көп бөлігін тартумен, эмоционалдылығымен және тақырыптық әртүрлілігімен ерекшеленеді. Өйткені, Алматы облысы ішкі және келетін туристер саны бойынша республикада алдыңғы қатарда.


«Мың бояулы аспан» - азаматтардың бірлігі мен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоятын фестиваль. Фестивальда аспанға алып шарлар мен батпырауықтарды ұшыру жоспарланған. Оған әлемнің түрлі елдерінен өкілдер қатысады.


Шарлар Қонаев қаласының аспанын безендіріп, оны көркем кенепке айналдырады. Фестиваль интерактивті көркем бағдарламамен сүйемелденеді. Шарлармен ұшудан басқа, батпырауық сайысы, балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар, жарқын интернет-контентке арналған фотоаймақтар, музыкалық және театрлық шоулар, түнгі жарық қойылымдарына ұласады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мың бояулы аспан #шарлар фестивалі #оқиғалы туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Кеше 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика