Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

  • 09:11, 26 қыркүйек 2025
Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды Gov.kz

Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында. 

Мұрат Нұртілеу туралы не белгілі?

Ол 1976 жылы Алматы қаласында туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

Мансап

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.

1999-2003 жылдары – Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.

2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.

2007 жылы – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2007-2011 жылдары – ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.

2011 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011 жылы – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) Тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы 5 қаңтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022-2023 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Үйленген, 4 баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:22

11:05

11:01

10:43

10:32

10:16

09:55

09:30

09:24

09:16

09:11

09:02

19:11

19:00

18:02

17:46

17:08

17:02

16:44

16:18

16:06

15:35

15:16

14:48