AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мұрат ЖҰРЫНОВ, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғы...

Мұрат ЖҰРЫНОВ, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті: Аманат — символдық тұрғыдан қастерлі ұғым

Әлеумет 01.03.2022, 10:50 1,535
Мұрат ЖҰРЫНОВ, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті: Аманат — символдық тұрғыдан қастерлі ұғым
almaty-akshamy.kz

Nur Otan партиясының атауы «Аманат» болып өзгеруі еліміздің болашақта тыныш өмір сүрінің кепілі болмақ. Аманат — символдық тұрғыдан қастерлі ұғым. Ата-бабадан мирас болған ел мен жерді сақтау, өркендету — әрбір азаматтың еншісіне берілген аманат. Сондықтан да жаңарған партияға артылған сенімнің жүгі ауыр.


Жаңа Қазақстанға, жаңа партиямен жол бастасақ, еліміз өркендеп, дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінері анық. Партияның атауы ғана өзгермей, қатарындағы қызметкерлері де өзгереді деген сенімдеміз. Партияның жаңғыруға байланысты қабылдаған 7 басымдығы халықтың көкейінде жүрген ойлары еді. Осынау модернизациялаудың ішінде өзіме ұнағаны - 1-тармағындағы "Халықпен байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру" дегені.



Қазіргі уақытта еліміздегі ең басты мәселе - жұмыссыздық. Осы мәселені түпкілікті шеше алсақ, елдің экономикасы тұрақталатын еді. Білімнің жоғарғы сатысы - ғылым демекші, алдағы уақыттарда партия ғалымдарға көңіл бөлсе деген үміттеміз.



Жаңарған партия Президент реформаларын жүзеге асырудың басты драйвері болуға тиіс. Қазіргі геосаяси ахуал күрделі, әлемдік әлеуметтік-экономикалық жағдай ушығып тұрған мына кезеңде партия да заман ағымына ілесіп, уақыт сынына жауап бере алатын саяси күш болып қалуы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аманат #партия #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында төрт турист адасып кеткен

Бүгін 09:52

Жаңа жолдардан цифрлық бағыттарға дейін: Президент Жолдауы аясында еліміздегі көлік жүйесі қалай өзгеруде

Бүгін 09:30

Бүгін еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жариялады

Бүгін 09:05

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);