AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша қылмысты...

Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Экономика 01.08.2022, 16:00 1,975
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Egemen.kz

Жыл басынан бері құны 4 млрд теңге болатын жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың ұйымдастырылған схемаларының жолын кесу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.


Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.


Мысалы, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасына экспорттамақ болған кезде АИ-92 маркалы бензині бар 5 теміржол цистернасы ұсталды, құжаттарда бұл басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш көрсетілген. Тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы сомасы шамамен 60 миллион теңгені құрады.


Павлодар облысында «органикалық еріткіш» деген жалған атаумен Ресей Федерациясына экспорттамақ болған дизель отыны бар 4 теміржол цистернасы ұсталды. Сондай-ақ Павлодар облысында ЖШС директоры растайтын құжатсыз 660 тоннадан астам мазутты 76 млн теңгеге сатқан.


Бұған дейін 2021 жылы Атырау облысында екі компанияның директоры жалпы саны 6 мың тоннаға жуық дизель отынын сатып алып, оны 1,8 миллиард теңгеге заңсыз сатқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда.


Оларды табу үшін аналитикалық құралдар кеңінен қолданылып, терең операциялық әзірлемелер жүзеге асырылуда. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #қылмыс #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Бүгін 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Бүгін 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Бүгін 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Кеше 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);