AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай биыл...

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай биыл 82 іс-шара ұйымдастырылады

Әлеумет 18.04.2022, 13:31 2,547
Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай биыл 82 іс-шара ұйымдастырылады
Сурет: Primeminister.kz

Заңғар жазушының мерейтойын атап өтуге елде дайындық жүріп жатыр.


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оған бірқатар мемлекеттік орган өкілдері мен өңір әкімдері, Қазақстан Жазушылар одағы мен М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басшылығы, танымал тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысты. Қазақтың заңғар жазушысының мерейтойын атап өту жөніндегі жалпы республикалық жоспарға сәйкес, биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Оның ішінде М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейі ғимаратына ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, Шолпан-Атада жазушының бюсті орнатылады. Мектеп оқушыларына арналған «Әуезовтану» бейнедәрістер циклы әзірленіп, әдеби подкасттар жасалады. Халықаралық театр фестивалі өткізіліп, «Ақан-Зайра» трагедиясы алғаш рет сахналанатын болады.  Сондай-ақ «Қилы заман» повесі бойынша телехикая түсіру қолға алынады.


Шетел мұрағаттарында М. Әуезовке қатысты құжаттар зерделеніп, тың материалдарды іздестіру қарастырылған. Одан бөлек, өңірлік деңгейде жоспардан тыс 500-ден аса мерекелік шара өткізу көзделіп отыр. Осыған байланысты Е. Тоғжанов жазушының мерейтойын атап өтуге барлық өңір лайықты деңгейде атсалысуы қажеттігін атап өтті.  Кеңес барысында әдебиеттанушылар мен жазушылар тарапынан мерейтойды атап өтуге қатысты бірқатар ұсыныс айтылып, жұмыс тобы оларды іс-шаралар жоспарына енгізуді мақұлдады.


Вице-премьер қоғамдық маңызы бар мәдени-бұқаралық, ақпараттық-имидждік, ғылыми зерттеу, ағартушылық іс-шаралардың жоғары деңгейде орындалуы үшін бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрілігіне жоспар мен мерейтой логотипін барлық мемлекеттік органға уақытылы жолдауды және оның іске асырылуы туралы есептік ақпаратты тоқсан сайын Үкіметке енгізіп отыруды тапсырды. Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Әуезов #заңғар жазушы #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика