AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / МСАК үздік практика орталығы Қонаев ауруханасында...

МСАК үздік практика орталығы Қонаев ауруханасында ашылды

Медицина 20.12.2023, 12:17 1,593
МСАК үздік практика орталығы Қонаев ауруханасында ашылды
Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қонаев қаласының көпбейінді ауруханасында  медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік практикасы орталығы (МСАК) ашылды.


Орталықтың жұмысы халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталатын болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



"Бүгін Алматы облысында осындай екінші орталық ашылуда. Енді науқастардың әлеуметтік жағдайына да ерекше назар аударылатын болады. Өйткені, озық практика орталығының жұмысы отбасылық медицинаға негізделген. Орталықта біздің азаматтарға кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетіледі", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев.



Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева қазіргі уақытта алғашқы көмек көрсету қағидаттары айтарлықтай өзгергенін атап өтті.


Оның айтуынша, отбасылық дәрігерлер әр саладағы медицина қызметкерін алмастыратын уақыт келеді, аурудың профилактикасы қызметтерінің саны артады. Өкінішке орай, жылдан жылға зорлық-зомбылыққа ұшыраған аналар мен балалардың саны артып келеді. Сондықтан біздің қоғамдағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлі өте маңызды, психикалық денсаулық бірінші орынға шығады.


Жалпы, жаңа мекемеде 13 жоба іске асырылды. Олардың екеуі медицина қызметкерлерінің қызметіне бағытталған, қалғандары халықпен, пациенттермен жұмыс істеуге негізделген. Оның ішінде "Халық кеңесі" жобасы да бар. Осы жобаның шеңберінде медицина қызметкерлері келіп түскен шағымдар мен ұсыныстар бойынша халықпен кері байланыс орнататын болады.


Содан кейін Қазақстанда озық практика орталығының әдіснамасын енгізген профессор, "Primary Health Care" ҚР Ұлттық  медициналық алғашқы көмек қауымдастығының президенті Төлебай Ракыпбеков Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жобаны Еуропаның 53 елінде әлемдегі алғашқы демонстрациялық платформа ретінде ұсынғанын атап өтті. Еліміздегі алғашқы осындай орталық Еңбекшіқазақ ауданында ашылды, жақын болашақта осындай орталық Кеген ауданында да пайда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін 00:04

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Кеше 19:02

Жарыққа ұмтылған ұрпақ: білімге бастар бір қадам

Кеше 18:37

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Кеше 18:09

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);