AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрм...

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Мәдени Алматы 05.05.2026, 20:39 370 yakiya
Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді
Қайрат Қонысбаев

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай ауқымды концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кеш бағдарламасында патриоттық шығармалар, соғыс жылдарындағы әндер, ерлік пен батырлықты, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлайтын туындылар, сондай-ақ қазақ музыка классикасының үздік әуендері орындалды.

Кеш «Шаттық Отаны» атты әйгілі күймен ашылды. Бұл шығарманы 1952 жылы композитор Сыдық Мұхамеджанов арнайы осы оркестр үшін жазған болатын. Музыканттар аталған күйді Бухарестте өткен IV Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде орындап, оркестр алтын медаль жеңіп алып, лауреат атанған еді.

“Біз бұл шығарманы көптен бері орындамаған едік. Оның дәл Отан қорғаушылар күніне арналған концертте шырқалуының өзіндік мәні бар. Бұл - ерекше мереке. Ол патриотизмді дәріптейді және елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын насихаттайды”, - деді оркестрдің бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген.

Сондай-ақ бұл кеште дирижерлік тізгінді Жексен Айсын мен Нарын Қажығали сынды өнер майталмандары да кезектесе ұстады.

Мерекелік кеште оркестрмен бірге солистер де өнер көрсетті. Ұзақ үзілістен кейін концертке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Жайна Бауыржанқызы да қатысты.

“Біз студенттермен бірге көптен бері өнер көрсетпеген едік. Сондықтан бұл ерекше оқиға деуге болады. Жастарымыздың осындай дарынды екені қуантады”, - деді Абылай Тілепберген.

Сонымен қатар оркестрмен бірге IL-Canto квартеті мен Ақылбек Бектасов өнер көрсетті. Әрбір орындалған шығарма көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Өнерсүйер қауым артистерге ұзақ қол соқты.

Бұл концерттің мақсаты - Отан қорғаушыларға құрмет көрсету, ардагерлердің ерлігін ұлықтау ғана емес, сонымен қатар жастардың бойында патриоттық рухты ояту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);