AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Мойынқұмда 10 күн бойы шахтада алтын қазғандар 3 қ...

Мойынқұмда 10 күн бойы шахтада алтын қазғандар 3 қап руданы ұрлау үстінде ұсталды

Оқиға 10.06.2022, 14:01 1,198
Мойынқұмда 10 күн бойы шахтада алтын қазғандар 3 қап руданы ұрлау үстінде ұсталды
Cурет: Inform.kz

Күдіктілер шахтада 10 күннен астам уақытта болған


Жамбыл облысында үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады.


Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз тұлғалар компанияның күзетілетін аумағына кіріп, тереңдігі 100 метр шахтаға түсіп, құрамында алтын бар 3 қап кен ұрламақ болған.


Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1976 және 1977 жылы туған екі ер адамды ұстады.
Күдіктілер Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты.


Тергеу барысында үш ер адам алдын ала сөз байласып, 26 мамырдан бастап құрал-сайман мен азық-түлік алып, қымбат металды өндіру үшін шахтаға түскені анықталды.


Күдіктілер шахтада 10 күннен астам уақытта болған. Олар кенді қапқа жинап қойғанымен, қылмысты аяқтай алмаған.
Кеншілер бұзақыларды қылмыс орнында ұстады.


Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Заттай айғақтар алынды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үшінші сыбайласын іздестіріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мойынқұм #шахта #ұрлық #Руда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Denis Ten Memorial Challenge-дің VIII кезеңіне 25-тен астам елдің спортшысы қатысады

Бүгін 14:16

Қала күніне орай Терренкурда жаңа мурал пайда болды

Бүгін 12:47

Академик Армен Рысмендиев: ҒЗИ-дің кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы

Бүгін 12:22

Ne Prosto Orchestra Алматыда Қала күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетеді

Бүгін 11:31

Ratovich Алматыда Қала күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетеді

Бүгін 10:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);