AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министрлік тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмысты...

Министрлік тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмыстық істер туралы түсінік беруде

Әлеумет 25.01.2022, 13:13 1,085
Министрлік тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмыстық істер туралы түсінік беруде
Сурет: Inform.kz

ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ қаңтар оқиғасы жайында ресми мәлімдеме жасауда.


Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов еліміздегі тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмыстық істер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Тәртіпсіздік барысында 7 аңшылық дүкеніне шабуыл жасалып, тоналды. Олардан 1 564 азаматтық қару ұрланды», - деді С. Әділов.



Мемлекет басшысы лаңкестік актілер себептерін және ұйымдастырушыларын анықтау бойынша тергеуді Бас прокуратураға тапсырды.


Осыған байланысты, аталған санаттағы және онымен байланысты барлық қылмыстық істер арнайы прокурорлар басшылық ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының іс жүргізуіне берілді. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізуде.



«Осы қылмыстардың негізгі үлесін, яғни 70 пайызын немесе 1 356-сы негізінен тәртіпсіздіктерден туындаған хаос процесінде Алматы қаласының сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істер құрайды. 127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша, тағы 30 іс оларды ұрлау фактілері бойынша тергелуде. Сонымен қатар, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және жою, 12-сі автокөлікті айдап кету, 24-і – қарақшылық және тонау, 23-і құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану әрі олардың өміріне қол сұғу фактілері бойынша тіркелді», - деді Тергеу департаментінің бастығы.



Бұдан бұрын хабарланғандай, тәртіпсіздік кезінде зақым келген нысандар мен көліктер саны белгілі болды. Сонымен қатар, қару ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды және оларды заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #ІІМ #мәлімдеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика