AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Министрлік мектептегі жемқорлықты тексере ме?

Министрлік мектептегі жемқорлықты тексере ме?

Заң мен тəртіп 17.08.2024, 13:05 973 yakiya
Министрлік мектептегі жемқорлықты тексере ме?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ведомство 15 млрд теңгеден аса соманың жымқырылғанын анықтаған.

Мектеп мұғалімі Астанада өткен педагогтер форумында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алдында мектептегі жемқорлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Айтуынша, ол қазір оңтүстік өңірден келіп, өзіне Ақмола облысынан жұмыс тапқан. Алайда туған жеріндегі інілері мен сіңлілері екі қолға бір күрек таппай отырған көрінеді.

«Олар бір жерге жұмысқа тұру үшін, өтірік емес, кемі 1 немесе 2 млн теңгеге дейін ақша сұрайды. Ол – кәдімгі жемқорлық. Мен тек педагог мамандығында демеймін, негізі оңтүстікте жемқорлық кең тараған. Бірақ соның ішінде мұғалім мамандығы бізге керек қой? Қашан мен сияқты ақшасыз, өзі жұмысқа тұра алады?» – деп сұрады ол министрден.

Сол сұрақты кейін журналистер Ғани Бейсембаевқа қайта қойды. Мұғалімнің айтқан уәжіне қатысты пікір білдіруін сұрады.

«Әріптесіміздің қойған сұрағы қай мектепте, қай ауданда болғаны нақты айтылған жоқ. Облысты бірден қаралауға болмайды ғой. Бұл сұрақты сол себепті көпшіліктің алдында қаужағаным жоқ. Жалпы, ол ақпараттың себебін анықтаймыз. Ақпарат нақты болса, тексеру қиындық туғызбайды деп ойлаймын», – деді Оқу-ағарту министрі.

Сондай-ақ ол ведомствоның Антикормен бірлесіп, тығыз жұмыс атқарып жатқанын, соның арқасында 15 млрд теңгеден аса соманың жымқырылғанын анықтағандарын алға тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #жемқор #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);