Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Министр Кубогі» - дарынды балаларға арналған кеше...

«Министр Кубогі» - дарынды балаларға арналған кешенді жарыс

Спорт 23.04.2022, 08:08 1,348
«Министр Кубогі» - дарынды балаларға арналған кешенді жарыс
Cурет: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Министр Кубогының жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге


2-24 мамыр аралығында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Кубогі үшін кешенді жарыс өтеді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Еліміздің спорт саласындағы 17 оқу орнында тəлім алып жатқан 2006-2007 жылы дүниеге келген жасөспірімдер халық арасында кең танылған спорт түрлері – бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен кім мықтыны анықтайды.
Командалық бәсекенің мақсаты – дарынды балалардың көзге түсуіне жағдай жасау, спорт мектеп-интернат-колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыру. Жарысқа тек 2021-2022 оқу жылына дейін қабылданған шәкірттер қатыса алады.
Бүгін елордада жеребе тарту рәсімі болып, 17 команда 4 топқа бөлінді. Аталған командалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе мен Тараз қаласында өзара күш сынасады.
Әр топтағы командалар айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен кездеседі. Қорытынды нəтиже төрт спорт түрі бойынша жеңіп алған медальдар сапасы бойынша анықталады. Тек 1-орын алған командалар жартылай финалға шығады. Онда А тобының жеңімпазы С тобының үздігіне, В тобының мықтысы D тобының жеңімпазына түседі. Жартылай финал жəне финал 22-24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.



«Алдағы уақытта «Министр Кубогі» сарапқа салынатын спорт түрлерінің санын көбейтуге тырысамыз. Мұндағы мақсат – спорт мектеп-интернат-колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыру. Осы кешенді жарыс бізге әр спорт түріндегі білікті бапкерлерді анықтауға көмектеседі, деп сенеміз. Сонымен қатар арнаулы оқу орындарындағы өзекті мәселелерді анықтап, міндетін айқындаймыз, деп ойлаймын», - деп айтты МСМ Спорт жəне дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Самат Ерғалиев жеребе тарту рәсімі кезінде.



Министр Кубогының жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. 1-орын алған командаға - 5 млн, 2-орынға – 3 млн, 3 орынға – 2 млн. теңге беріледі.
Айта кетейік, жарыстың бас төрешісі: Бекболат Байжанов – ҚР МСМ Спорт жəне дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары;
Жарыстың бас хатшысы: Оралбай Жақсымбетов – Республикалық спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #жарыс #кубог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған күдіктілер ұсталды

Бүгін 15:15

Қазақстандағы ең үлкен бес мешіт

Бүгін 15:05

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 14:36

Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған сәті жарияланды

Бүгін 14:31

Алматыда «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» атты сарапшылар форумы өтті

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі