AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Министр допинг дауына қалған ауыр атлеттерге демеу...

Министр допинг дауына қалған ауыр атлеттерге демеу беру керектігін айтты

Спорт 29.11.2023, 05:44 1,078
Министр допинг дауына қалған ауыр атлеттерге демеу беру керектігін айтты
Сурет: Gov.kz

Туризм және спорт министрі ауыр атлетика федерациясының басшылығы мен бапкерлер құрамымен кездесті.


Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы өнерін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген еді.


Ермек Маржықпаев кейінгі жылдары ауыр атлетика спортшыларының жаппай допинг дауына ұшырап жатқанына байланысты өткір мәселе көтерді. 2022 жылдың басынан бері 43 спортшы допинг қолданды деп айыпталған.

Азия ойындары алдындағы допинг мәселесіне байланысты федерацияның басшылық және жаттықтырушы құрамы толық жаңарды. Нәтижесінде ұлттық құрама Ханчжоуда негізгі құрамда өнер көрсете алмады.


Ұлттық допингке қарсы орталықтың өкілдері спорттық медицина және оңалту орталығымен бірлесіп, спортшыларды жаппай шеттету себептерін анықтау үшін спорттық тамақтану үлгілері мен фармакологиялық құралдарға зерттеулер жүргізеді.



«Еліміздің ауыр атлетика спортының тарихы бай, жеңіспен өрілген тамаша дәстүрі бар. Қалыптасқан жағдайға байланысты бұл спорт түрінен бас тартуға болмайды. Жаңа басшылық пен жаттықтырушылар штабы допинг мәселесіне байланысты допинг сынамаларын егжей-тегжейлі тексеріп, тыйым салынған құралдарды қолдануға нөлдік төзімділік бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуі керек. Спорттан шеттетілген саңлақтарға мұндай қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетіп, оларға демеу беруіміз керек», - деді туризм және спорт министрі.



Министр сондай-ақ ауыр атлетика федерациясының өкілдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтақанда, спортшылардың спорттық тамақтану мен қалпына келтіру құралдарын өз бетінше сатып алуын болдырмау, барлық мүдделі мекемелермен бірлесіп фармакологиялық құралдарды сатып алу алгоритмін әзірлеу, ауыр салмақтағы спортшыларды даярлау жөніндегі жеке бағдарламаны іске қосуды жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #допинг дауы #Ауыр атлет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика