Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Michelin жұлдызының иегерлері Алматыға келеді

Michelin жұлдызының иегерлері Алматыға келеді

Барлығы 05.09.2025, 16:14 734
Michelin жұлдызының иегерлері Алматыға келеді
Алматы әкімдігі

Алматыда 7-21 қыркүйекте әлемдік деңгейдегі аспаздар, Michelin жұлдызы иегерлерінің қатысуымен жыл сайынғы Almaty crossroads гастрономиялық асхана фестивалі өтеді. 

Биыл фестивальде алғаш рет гастрономия заманауи өнермен біріктіріледі. Қонақтарға 15-тен астам мейрамхана қызмет көрсетеді. Мұнда келушілерге авторлық жобалар бойынша ерекше жасалған дәмді ас мәзірлері ұсынылады, тіпті көше кафелері қатыспақ. Жеке блокта халықаралық сарапшылармен Crossroads Talks пікірталас өтеді. Ұйымдастырушылар - Almaty Tourism Bureau және ABR компаниясы.

«Almaty Сrossroads-бұл қаланың жаңа мәдени келбетін қалыптастыратын іс-шара. Фестиваль Алматының гастрономия білгірлерінің ғана емес, бүгінгі заманауи өнер мен креативті индустрияға қызығатындар үшін де ерекше алаң болмақ. Түрлі сала өкілдерінің бас қосуы туристердің мегаполиске деген қызығушылығын арттырады және халықаралық аренада қаланың беделін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Almaty Tourism Bureau директоры Дияр Асқаров.

Фестиваль 2022 жылы құрылғаннан бері Алматының мәдени бөлігіне айналды. Бұл қаланың халықаралық деңгейде көрінуіне, ал қазақстандық аспаздар есімдерінің Michelin жұлдыздарымен бірге жазылуына ықпал етеді. Сондай-ақ Тhe world's 50 Best Restaurants құрамына енген әріптестермен тізе қосып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ресторан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика