Алматыда Mastercard бірлескен акциясы іске қосылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін Алматы метрополитені Mastercard компаниясымен бірлесіп, ұялы телефон арқылы төлейтіндер үшін әдеттегі 100 теңгенің орнына метроға 5 теңгеге жол жүруді енгізді. Бұл кез-келген банктің Mastercard картасы байланыстырылған Google Play, Apple Pay немесе Samsung Pay қосымшалары арқылы метроға контактісіз ақы төлеге болады. Жол ақысын төлеу үшін метроның кіреберісіндегі турникет тұғырында орналасқан брендті оқу құрылғысына белсендірілген қосымшасы бар ұялы телефонды қосу жеткілікті.
«Жалпы, метрода жолақысын бірнеше тәсілмен – қолма-қол ақшамен, картамен, метро және Оңай жол картасымен төлеуге болады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін MasterCard бастамасы бойынша акция жыл соңына дейін қолданылады, төлем мобильді құрылғылар арқылы іске асады. Басқа тәсілдермен төленген жол жүру құны өзгеріссіз қалады – 100 теңге», - деп атап өтті Алматы қаласы метрополитенінің кірістер жинау қызметінің басшысы Жазира Баймұхамедова.
Бұл - уақытша акция, оны Mastercard компаниясы жүргізеді және қаржыландырады.
«Біз Қазақстанда заманауи төлем құралдарының жиі қолжетімді болуына қуаныштымыз. Бұл науқан MasterCard карталары бар мобильді құрылғылар арқылы контактісіз төлемдерді ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз етеді әрі метрода жолақысын төлеу шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Смартфонмен немесе басқа құрылғымен жүзеге асырылған MasterCard картасы бойынша әрбір Google Pay, Apple Pay немесе Samsung Pay төлемі сенімді қорғалған және кез келген басқа Mastercard транзакциясы сияқты артықшылықтар мен кепілдіктерді ұсынады», - деп атап өтті Mastercard-тың Орта Азиядағы Бас директоры Рафал Трэпка.
Осы акция туралы қосымша ақпаратты акцияның https://mastercard-promo.kz/ ресми сайтынан табуға болады