AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Месси және оның командасы

Месси және оның командасы

Спорт 19.12.2022, 02:20 1,636
Месси және оның командасы
Сурет: Inform.kz

Аргентина үшінші рет әлем чемпионы атанды


Қатарда футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары алтын жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұған дейін Аргентина мен Франция екі реттен әлем біріншілігінде үздік шыққан еді.


Дүниежүзілік додада қос құрама үш мәрте кездесіп, екеуінде Аргентина (1930 жылы – 1:0, 1978 жылы – 2:1) жеңіске жетті. 1978 жылғы өз елінде өткен чемпионатта Марадона бастаған аргентиналықтар жеңімпаз атанған еді.


Төрт жыл бұрын Ресейдегі жарыста 1/8 финалда Франция Аргентинадан 4:3 есебімен басым түсіп, сонда Килиан Мбаппе қос голдың авторы атанып, Лионель Месси көзге түсе алмаған болатын.


Биылғы чемпионатта бес голдан соғып, мергендер көшін бастап келе жатқан Месси мен Мбаппе финалдық матчта үздік атану үшін барын салатыны анық-ты. Әсіресе, бұл Мессидің соңғы әлем чемпионаты-тұғын.


Бұл жолы 21-минутта сол қанаттан айып алаңына екпіндей кірген Анхель Ди Марияны Усман Дембеле шалып құлатты. 23-минутта Лионель Месси 11 метрлік пенальтиді мүлтіксіз орындап, Аргентинаны алға шығарды – 1:0.


Содан кейін 36-минутта Месси асырған допты Макаллистер Ди Марияға дәл берді. Ди Мария қателескен жоқ – 2:0.


Екінші кезеңде 79-минутта аргентиналық Николас Отаменди Рэндал Коло Муаниге қарсы ойын тәртібін бұзды. Килиан Мбаппе 80-минутта пенальтиді құр жіберген жоқ. Іле-шала Коло Муаниден пас алған Мбаппе таразы басын теңестіріп үлгерді – 2:2. 90+7-минутта Уго Льорис Мессидің қауіпті соққысын қайтарды.


Қосымша екі экстратаймда 109-минутта У.Льористен кері серпілген допты Месси қақпаға кіргізді – 3:2. Әйтсе де 118-минутта К.Мбаппе пенальтиден допты тағы да торда тулатты – 3:3. Бұл финалда хет-трик жасаған Килианның осы чемпионаттағы 8-інші голы еді. Ол, сөйтіп, біріншіліктің сұрмергені атанды.


Пенальти сериясында Францияны 4:2 есебімен жеңген Аргентина өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанды.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хорватия құрамасы қақпашысының соққыны қайтару жөнінен үздік атанғанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.


Месси әлем чемпионатында гол салу жөнінен Пелені қуып жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Катар-2022 #Аргентина #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика