AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Мерзімді әскери қызметші Ұлттық ұлан қатарында өзі...

Мерзімді әскери қызметші Ұлттық ұлан қатарында өзінің өмірлік жолын тапты

Мұны білген жөн 17.12.2025, 10:47 505
Мерзімді әскери қызметші Ұлттық ұлан қатарында өзінің өмірлік жолын тапты
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

Ұлттық ұлан қатарына Отан алдындағы борышын өтеуге келіп, өмірлік жолын әскери қызметпен байланыстыруды шешкен Балғын Айдынның тағдыры дәл осылай қалыптасты. Ол үшін мерзімді әскери қызмет бір жылдан ғана тұрмай, кәсіби және тұлғалық өсудің, саналы таңдаудың бастауы болды.

Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындаумен қатар, жас мамандардың өз арман-мақсаттарын жүзеге асыруына нақты мүмкіндіктер жасап келеді.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінде қызмет атқаратын ұландықтың өмір жолы – сөзіміздің айқын дәлелі.

Әскерге Талдықорған қаласынан шақыртылған 25 жастағы Балғын Айдын Тараз қаласындағы 5513 әскери бөліміне бірден кәсіби дайындықпен келді. Себебі ол – Семей медициналық университетінде алған жеті жылдық білімі мен дәрігер-терапевт дипломы бар маман еді.

Алғашқы алты айда Балғын Тараз қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, патрульдік қызмет атқарды. Дәл осы кезеңде әскери ортада өз білімінің қажет екенін түсініп, Балғын Айдын Ұлттық ұлан қатарында келісімшарт негізінде қызмет етуге шешім қабылдады.

Әскери бөлім басшылығы жас маманның таңдауы мен кәсіби дайындығын ескеріп, оның жауапкершілігі мен ынтасын жоғары бағалады. Бүгінде Балғын Айдын әскери бөлімнің медициналық пунктінің бастығы лауазымын атқарады.

Оның негізгі міндеті — жеке құрамның денсаулығын қадағалау, әскери қызметшілердің сауығып, қатарға тез оралуына жағдай жасау. Ол бұл міндеттерді дәрігерлік дәлдік пен әскери тәртіпті сақтай отырып, абыроймен орындап келеді.

Жақын арада Балғын Айдын өзінің ең алғашқы офицерлік әскери шенін – лейтенант алады. 

Бұл оқиға – бір реттік мысал емес, ҚР ІІМ Ұлттық ұланында жолға қойылған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мұнда мерзімді әскери қызмет кәсіби дамудың бастауы болып, түрлі мамандықтар әскердің әлеуетін нығайтатын маңызды ресурсқа айналады.

Ұлттық ұлан – білім мен тәжірибесі ұштасып, әскери қызметті келісімшарт бойынша жалғастыру саналы шешімге ұласатын орта.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #қызмет #әскер #мансап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55

ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақстанда да жауапкершілік енгізілуде

Бүгін 17:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика