Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады Сурет: Rail-news.kz

Наурыз мерекесі және мейрам алдындағы күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар санының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар мен вагондарды қосады.


Бұл туралы ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:


 «Астана-Алматы-1» бағыты бойынша № 201/202 пойызы, 4 рейс;


«Астана-Шымкент» бағыты бойынша № 203/204 пойызы, 3 рейс;


«Ақтөбе-Шымкент» бағыты бойынша № 205/206 пойызы, 2 рейс.


Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.


Пойыз қозғалысының кестесі бойынша толық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша, «KTZH_PP_BOT» телеграм-боты арқылы алуға болады, сондай-ақ @jolaushylar_tasymaly ұлттық тасымалдаушысының парақшасынан танысуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:32

16:24

16:13

15:56

15:46

15:33

15:21

15:11

14:51

14:36

14:20

14:10

13:26

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43