конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қалалық кезең жеңімп...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қалалық кезең жеңімпаздары анықталды

Алматы Бүгін 18:50 38 yakiya
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»   байқауының қалалық кезең жеңімпаздары анықталды
Самат СЕРІКБАЙҰЛЫ

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда аудандық кезеңдердің қорытындысы шығарылып, қалалық финалға жолдама алған отбасылар анықталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өнегелі отбасыларды қоғамға үлгі етуге бағытталған маңызды жоба. Байқау аясында еңбекқорлық, өзара сыйластық, ұрпақтар сабақтастығы, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген отбасылардың тәжірибесі насихатталады.

Биыл да Алматы қаласында ұлттық конкурсқа қатысу үшін тұрғындардан өтінімдер қабылданып, байқауды ұйымдастыру және жеңімпаздарды анықтау мақсатында арнайы қалалық комиссияның құрамы бекітілген болатын. Қалалық кезеңде әр ауданнан іріктеуден өткен үздік отбасылардың жетістігі, мақсат-мұраты, ұстанымы таныстырылды. Комиссия мүшелері үміткер отбасылардың бірлігіне, өзара сыйластығына, рухани үйлесіміне және өздерінің ерекше өмір жолын қаншалықты шынайы әрі әсерлі таныстыра алғанына назар аударды.

Биыл байқауға алматылықтардың қызығушылығы бұрынғыдан да арта түскен көрінеді. Комиссия мүшелерінің айтуынша, жобаға қатысуға ниетті отбасылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Мәселен, былтыр қала бойынша шамамен 250 өтінім қабылданса, биыл олардың саны 262-ге жеткен. Орта есеппен әр ауданнан 30-ға жуық отбасы қатысқан.

Іріктеу нәтижесінде қаланың сегіз ауданының әрқайсысынан екі-екіден үздік отбасы таңдалып, барлығы 16 отбасы қалалық кезеңге жолдама алған болатын. Енді бүгін сегіз отбасының мерейі үстем болды. Сол жеңімпаздардың арасынан оза шапқан мерейлі отбасы алдағы тамызда белгілі болып, салтанатты түрде марапатталады.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі әрі ұлттық байқау комиссиясының мүшесі Марат Қалимолдин іріктеу кезеңінің ерекшеліктері мен байқауға қатысушыларды шабыттандыратын басты құндылықтар туралы айтып өтті.

– «Мерейлі отбасы» байқауы – үздік отбасыларды марапаттау ғана емес, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтатын маңызды бастама. Осындай өнегелі әулеттердің тәжірибесі жас отбасыларға үлгі болып, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал етеді. Сондықтан бұл байқаудың әлеуметтік маңызы жыл сайын артып келеді. Мен үшін ең маңыздысы – отбасында мейірімділік, қайырымдылық және бір-біріне деген құрмет, қолдау үстем болғаны абзал. Биылғы бағалау талаптары бұрынғыға қарағанда оңтайлы болды. Мәселен, былтыр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек әулеттеріне басымдық берілсе, биыл қатысушыларға қатысты нақты әрі қатаң талаптар қойылған жоқ, – деді ол.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – қазақстандық отбасының имиджін қалыптастыру, бақыты тасыған шаңырақты кеңінен насихаттау, отбасы мәртебесін көтеру және қоғамдағы адамгершілік пен рухани құндылықты нығайту.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мерейлі отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүректің кенет тоқтау қаупі жоғары пациентке тері асты кардиовертер-дефибриллятор имплантатталды

Бүгін 19:08

Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

Бүгін 18:45

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгін 17:23

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

Бүгін 17:21

Дрон құрастыратын қыз: Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі болашақ технологияларын меңгеруде

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);