AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / "Менің қымбатты бауырым". Ердоған Тоқаевқа арнап ж...

"Менің қымбатты бауырым". Ердоған Тоқаевқа арнап жазба жариялады

Билік 30.07.2025, 11:02 666 Сұлу
"Менің қымбатты бауырым". Ердоған Тоқаевқа арнап жазба жариялады
Ақорда

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Instagram-парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына қатысты бірнеше жазба жариялады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Түркия көшбасшысы екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, елдер арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтуға Тоқаевтың қосқан үлесін жоғары бағалады.

Ердоған Тоқаевтың қызметке кіріскен сәтінен бастап Қазақстанның ынтымақтастықты дамытуға деген тұрақты ұстанымын көрсетіп келе жатқанын мәлімдеді. Достық пен серіктестікті нығайтудағы қызметі үшін Тоқаев ең жоғары түрік ордені – Түркияның Мемлекеттік орденімен марапатталды.

"Қазақстан Президенті, менің қымбатты бауырым Тоқаев, алғашқы күннен-ақ Түркияның жақын досы екенін нақты қадамдарымен дәлелдеп келеді", — деп жазды Ердоған.

Ердоғанның айтуынша, Анкарада өткен кездесуде тараптар қорғаныс, энергетика, логистика, ғылым және терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылап, екіжақты 20 құжатқа қол қойған.

Түркия Президенті Қазақстанның Түркия азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 90 күнге ұзарту шешімін ерекше атап өтіп, Тоқаевқа алғысын білдірді.

Еске салайық, Қазақстан Президенті 28 шілдеде ресми сапармен Анкараға барды. Тоқаевты Түркия Президентінің өзі қарсы алды.

Айта кетейік, Ердоған шетелдік көшбасшыларды әуежайда сирек қарсы алады — әдетте бұл міндетті ресми өкілдер атқарады. Мұндай ерекшелік тек ерекше достас мемлекеттер басшыларының сапарында ғана жасалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ердоған #жазба #Әлеуметтік желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);