AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Менің атым Қожа» - көрермен назарында

«Менің атым Қожа» - көрермен назарында

Мәдениет 30.01.2024, 11:17 2,556
«Менің атым Қожа» - көрермен назарында
almaty-akshamy.kz

Алматыда Мемлекеттік қуыршақ театрында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі сахналанады


Алматыда Мемлекеттік қуыршақ театрында 10 жылда алғаш рет жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматыда Мемлекеттік қуыршақ театрын жаңғырту және жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, көрермендер жайғасатын залдағы орындар қалпына келтіріліп, сахна кеңістігі, дайындық залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, ғимараттың фойелері, киім-кешек бөлмелері, санитарлық-гигиеналық және басқа да үй-жайлар жөнделді. Сонымен қоса, сапалы дауыс пен жарықты қамтамасыз ететін соңғы үлгідегі заманауи сахна жабдықтары жаңартылды. Қазір жөндеу жұмыстарынан кейін мекемені тазартып, фойе дизайнын жақсарту үшін жұмыс істеп жатыр. 



Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 2022 жылдың шілде айында мегаполистің кейбір мәдени нысандарын аралау барысында Мемлекеттік қуыршақ театрын жаңарту мен жөндеуді, сонымен қатар, театр аумағын абаттандыруды тапсырған болатын.




«Келесі жылы театрдың құрылғанына 90 жыл толады. Жыл сайын шамамен 80 мыңнан астам көрерменді қабылдайтын өнер ордасы бүлдіршіндердің де, ересек азаматтардың да сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Әрине, бұл бізді қуантады. Ғимаратты қалпына келтіру 10 жыл бұрын жүргізілген. Алайда қуыршақ театрының жабдықтары ескірген, ал интерьері жаңартуды қажет етті. Сондықтан қала әкімі ғимаратты жөндеуге, жабдықты жаңартуға және қуыршақ театрының қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға шешім қабылдады. Жақында көрермендер өздерінің сүйікті қойылымына қатысып, спектакльдерді жайлы жағдайда тамашалай алады», - деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.



Ал театрдың шығармашылық ұжымы көрермендерге бірнеше премьера дайындап жатыр. Олардың арасында Шарль Перро ертегісі негізінде «Етік киген мысық», Гогольдың «Шинель» және Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі және басқа да спектакльдер бар. 



Күрделі жөндеуден кейін театр өзінің алғашқы қойылымын 2024 жылдың ақпан айының соңына таман көрермен назарына ұсынады. Қойылымдар кестесі жақында театрдың Instagram-дағы ресми парақшасында @kuyrshak_teatry және puppet.kz сайтында жарияланады. Естеріңізге сала кетейік, театр Пушкин көшесі, 63 мекенжайында орналасқан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қуыршақ #қожа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);