AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий...

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Молодовтың 95 жылдығына арналған концерт-фестиваль өтті.

Мәдени Алматы 28.10.2024, 13:42 1,211 Bakyt
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Молодовтың 95 жылдығына арналған концерт-фестиваль өтті.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы 1935 жылы Дмитрий Мацуцинның басқаруымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы қабырғасында шағын хор болып құрылды. Алғашқы кезеңде хор ұжымына 1959 жылдан 1991 жылға дейін КСРО халық әртісі Анатолий Васильевич Молодов басқарды. Осы жылдар арасында капелланың елімізде хор жанрының даму жолында атқарған қызметі ескеріліп, 1967 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы» атағын иеленді.

Биыл Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, елімізде хор өнерінің дамуы жолында өзінің зор үлесін қосқан КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Молодовтың 95 жылдығына арналып, Жамбыл атындағы филармониясының үлкен залында концерт-фестиваль өтті. Кеште Мемлекеттік хор капелласымен бірге Астана қаласынан келген Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры, Құрманғазы атындағы ҚҰК аралас хоры, қаламыздың №79 мектеп гимназиясынан келген “Бәйтерек” балалар хоры өнер көрсетті. 

Кеш барысында Анатолий Молодовтың шәкірттері болған, бүгінде аталған хор ұжымдарының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Елена Байысбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Ян Рудковский, Гульмира  Құттыбадамова, Бейімбет Демеуов ұстаздарының хор өнері жолындағы еңбегі туралы естелік әңгімелерімен бөлісті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Гүлмира Құттыбадамова:

-«Анатолий Васильевич - қазақ хор өнерін жаңа сапалық кезеңге шығарған алғашқы хор дирижері болды десем артық айтқаным емес. Ал, оның шәкірт тәрбиелеу техникасы  жадымызда. Вокалдық және хор мәдениетін меңгеру бойынша сольфеджио сабақтары капеллада күнделікті өтетін. Соның арқасында капелла үлкен ұжым болып қалыптасты. Қазақстан композиторларының хор өнеріндегі нағыз шығармашылық зертханасы болып қалыптасқан хор капелласы - кантаталардың, ораториялардың, хор сюиталары мен миниатюраларының тұңғыш орындаушысы, республикада ғана емес, бүкіл Кеңес Одағында мойындалған ұжым. Қазақ өнерінің тарихи кезеңіндегі Молодовтың есімі аталған барлық оқиғалар, атқарылған еңбектер Қазақстанның хор өнерінің даму сатысындағы сәтті көрінісі етіп бейнеленеді. Оның жетекшілігімен Мемлекеттік хор капелласы Республиканың еңбек сіңірген ансамблі атағын алды».

Концерт бағдарламасында А.Молодовтың хорға өңдеген «Қос алқа», «Қарлығаш» , «Шолпан», «Арыс жағасында» атты үздік шығармалары орындалды. Кеш соңында фестивальде өнер көрсеткен ұжымдарға Жамбыл атындағы филармониясының әкімшілігі атынан ризашылық білдіріліп, арнайы алғыс хат табыс етті. 95 жылмен құттықтап келген тыңдарман хор ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, ыстық қошеметке бөледі.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#молдова #Филармония #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);