AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау - бас...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау - басым бағыттардың бірі

Әлеумет 13.12.2025, 15:47 495 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Турдуев Шавкет Метхатович
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау - басым бағыттардың бірі
Сурет: ntime.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ретінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуын бақылау функциялары жүктелген.

Сонымен қатар, Департаменттің функцияларының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау болып табылады

Талдау барысында Департамент Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен штаттық саны 59 бірлікті құрайтын екі Басқарманы біріктіру жолымен жаңа Басқарма құрылғанын анықтады.

Мемлекеттік органдарды қайта құру кезінде жаңа басқарманың 47 қызметкеріне жалақы төлеу мерзімдерін бұзуға жол берілді, яғни қыркүйек айындағы жалақы 2025 жылғы 22 қазанда төленді, бұл заңнамада белгіленген мерзімнен 12 күнге артық.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңының 9- бабы 9 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің өзі атқаратын мемлекеттік лауазымына, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда белгіленген өзге де негіздерге байланысты ынталандыруға және еңбекақы төлеуге құқығы бар.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы белгіленіп, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей, яғни келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей айына бір реттен ҚР ұлттық валютасында ақшалай нысанда төленеді.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 4-тармағына сәйкес жалақы төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде төлемді кешіктіру кезеңі үшін берешек пен өсімпұл төлейді.

Талдау қорытындысы бойынша Басқармаға төлемді кешіктіру кезеңінде өсімпұл төлеу және бұдан әрі мұндай бұзушылықтарға жол бермеу арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру қажеттілігі туралы ұсыныс жіберілді.

Департаменттің ұсынымын орындау мақсатында жаңа Басқарманың 47 қызметкеріне жалақы бойынша берешек төленді, осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде азаматтар Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне жүгіне алатынын хабарлаймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызметшілер #құқықтарын қорғау #басым бағыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика