AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Мемлекеттік қызметшілер жарысқа түсті

Мемлекеттік қызметшілер жарысқа түсті

Спорт 18.06.2023, 04:05 1,497 Олжас Жолдыбай
Мемлекеттік қызметшілер жарысқа түсті
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

«Айнабұлақ» спорт кешенінде Алматы қаласының әкімшілік және мемлекеттік қызметшілері арасында ұлттық спорт түрлері бойынша спартакиада өтті.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған іс-шарада әкімдік басқармалары, департаменттер бөлімшелері арасынан шыққан спортшылар өзара күш сынасты. 
Бұл сайыста негізінен қазақтың ұлттық спорт ойындары басты назарға алынды. Дәлірек айтқанда қазақ күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, армреслинг, гір спорты бойынша жарысқа түсті.



Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ ұлттық спорт ойындарының мерейін асыру, ұлықтау, өскелең жас ұрпақтың алдында ұлттық руханиятымызды дәріптеу болып есептеледі.




«Арнайы мереке аясында Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілерінің басын қосып ұйымдастырды. Бұл спорттық іс-шарада ерекшелік бар. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыстырылмады. Өйткені, спорт олардың күнделікті айналысып жүрген етене жақын саласы болып есептеледі. Бұл әділдік болды. Оларға өзара жеке ұйымдастырылып қалар. Осылайша әкімшілік қызметтер бағытындағылар ғана сайысты», - деді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметтер істері агенттігінің өкілі Мақсат Жаңбыршиев.



Спартакиаданың әділ өтуі және әділ бағалануы тек қана төрешілер қолында. Жарыстың басталар сәтінде төрешілер қауымы әділқазы алқасы болуға, адал бәсеке ұйымдастыруға серт берді.




«Бұл сайыстың мерейі үстем. Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар қамтылған. Нақтырақ арқан тартыс, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру және т.б. Ұтқан құрамаға Алматы қалалық Спорт басқармасы тағайындаған медаль, грамота, бағалы сыйлықтар табысталды», - деді Қазақ күресінен жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Болатбек Ибрагимов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызметшілер #Спартакиада #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);