ffin.kz

Мемлекеттік қызмет көрсету – халықтың сенімін арттыру

Мемлекеттік қызмет көрсету – халықтың сенімін арттыру Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сəуíрдегí №88-V Заңына сəйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тəртíппен жүзеге асырылатын жəне олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.


Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 93% онлайн форматта көрсетіледі.


«Е-Gov Mobile» мобильдік қосымшасы бойынша 641  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрлері қолжетімді, «Е-Gov» электронды порталы арқылы 474 мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға E-license электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.   


Азаматтардың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыратын мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді, қолжетімді және уақытылы болу мақсатында әрбір саланың мемлекеттік қызметтер көрсету үшін арнайы регламенттері мен стандарттары бекітілген және қызметті ұсыну процесінің жетілдіруіне қарай бекітілген қағидалар толықтырылып, дамытылып отырады.


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет атаулары, беру тәсілдері, көрсету мерзімі, көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, ескере отырып, өзге де талаптар, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығында анықталып көрсетілген.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған заманда электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді  пйдаланудың бір жолы – бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мемлекеттік органдардың ресми Веб-сайт парақшаларында, мобильдік қосымшаларда электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртіптері мен талаптарын үнемі жарнамалау болып табылады.


Мемлекеттік кызмет көрсету сапасын арттыру - мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі және жемқорлықты жоюға, халықтың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:48

10:30

10:13

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43