AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы үздік ма...

Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы үздік мамандар анықталды

Әлеумет 20.11.2023, 10:24 1,316
Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы үздік мамандар анықталды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматыда Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды.


Үш күндік жиын ҚР Қарулы күштері Бас штабы мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Тимур Сәдуақасовтың басшылығымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Жиынға қатысушылардың алдында Қорғаныс министрінің режим бойынша көмекшісі полковник Талғат Ахметов сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілеріндегі маңызды мәліметтерді қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру және ҚР ҰҚК уәкілетті органымен өзара тығыз іс-қимыл жасау жөніндегі негізгі бағыттарды жеткізді.



– Жиындар шеңберінде офицерлерге киберқауіптерді танудың жаңа жүйелері, нысаналы шабуылдардың анализаторлары, вирусқа қарсы қауіпсіздік орталығы, сондай-ақ техникалық барлауға қарсы тұруға мүмкіндік беретін аппараттық құралдар көрсетілді, –  деді Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы подполковник Ғалым Жақсылықов.



Жиында әскери қызметшілерді далалық жағдайларда арнайы байланыс органдарын өрістетуге, қорғалған жергілікті есептеу желілерін құруға және құпия байланыс аппаратурасын бақылауға үйрету мақсатымен бірқатар жұмыс нүктелері ұйымдастырылды.


Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі бастықтарының қатысуымен проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.


2023 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылып, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы үздік мамандар анықталды. Олардың қатарында майорлар Бақытжан Сүлейменов, Александр Македонский, капитан Дәурен Исаков, аға лейтенанттар Данияр Ахунбаев, Сымбат Амантаев, Мадияр Үкенов және Ерсұлтан Болат бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#құпия #әскер #үздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);