AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтед...

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтеді

Ресми бөлім Бүгін 10:31 37
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтеді

«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы бекіткен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде өткізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл сапасын арттыру, азаматтардың өзекті қажеттіліктерін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілдерін жетілдіру.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен өткізіледі. Оны өткізуге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ жұртшылықтың және өзге де мүдделі ұйымдар мен құрылымдардың өкілдері қатысады.

Іс-шара шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу, цифрлық сервистерді пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін реттейтін заңнамадағы жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістер туралы ақпарат беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің халықтың барлық санаттары үшін, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға жататын адамдар үшін қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

«Қызмет алушылар күні» іс-шарасын мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалог форматында өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру кезінде халықтың қажеттіліктерін ескеруге, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты.

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 2026 жылғы 25 қыркүйек.

ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ: сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін.

ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі мен Мақатаев көшесінің қиылысы.

Медеу ауданы әкімінің аппараты баспасөз қызметінің байланыс

телефоны: +7 776 226 99 99

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ІІМ ескертеді!

Бүгін 11:07

Алматыда қоқыс шығаратындардың жұмысын онлайн бақыламақ

Бүгін 10:23

Жүргізушісіз таксимен қашан жүреміз?

Бүгін 10:04

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Бүгін 09:33

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);