AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы-Қорғас және тағы екі тасжолда орташа жылдам...

Алматы-Қорғас және тағы екі тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі

Заң мен тəртіп Бүгін 12:12 40
Алматы-Қорғас және тағы екі тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі
Элеонора Якия

9 қарашадан бастап Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бұрылбайтал және Қызылорда – Арал республикалық маңызы бар автожолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау жүйесі іске қосылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі үш республикалық автожолдың алты учаскесінде жұмыс істей бастайды.

1. Алматы – Қорғас (жаңартылған учаске)

  • Ұйғыр – Панфилов учаскесі – 50+832 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 120 км/сағ.

2. Қарағанды – Бұрылбайтал

  • Шұбар-Түбек-Гүлшат учаскесі – 42+158 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.

  • Гүлшат-Тасарал учаскесі – 42+550 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.

3. Қызылорда – Арал

  • Ақжарма-Ақжар учаскесі – 48+239 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.

  • Ақжар-103-разъезд учаскесі – 122+421 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.

  • 103-разъезд-Әйтеке би учаскесі – 95+871 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.

Қазақстандық жүргізушілерге жүйенің басты ерекшелігі тағы да түсіндірілді: жылдамдық камера орнатылған бір нүктеде ғана емес, бақылау учаскесінің бүкіл бойында есепке алынады.

"Арнайы кешендер көлік құралының бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Жүріп өткен қашықтық пен оған жұмсалған уақыт негізінде қозғалыстың орташа жылдамдығы автоматты түрде есептеледі. Белгіленген жылдамдық режимі асқан жағдайда құқық бұзушылық туралы ақпарат уәкілетті органдарға жіберіледі", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.

Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында бұл жүйе 2025 жылғы 17 наурыздан бастап қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылдамдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Бүгін 12:00

Ақылы жолдарда жүк көліктері үшін тариф өзгеруі мүмкін

Бүгін 11:07

Елдің басым бөлігіне қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 10:05

ҚазҰУ-дың халықаралық бастамалары: ICESCO мәртебесі және Қытайдағы Әл-Фараби орталығы

Бүгін 09:48

Алматыда демеушілер есебінен тағы бір сквер пайда болады

Кеше 21:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);