AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы...

Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Экономика Бүгін 12:00 47
Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады
Сурет: primeminister.kz

Абай облысында инвестициялар тарту, жоғары технологиялық өндірістер құру және өңір экономикасын әртараптандыру үшін «Семей» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылады. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық ахуалды жақсарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және экономикалық өсімнің жаңа нүктелерін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Ауданы 600 гектар болатын жаңа АЭА Жаңасемей ауданында орналастырылады.  Оның аумағында жоғары технологиялық заманауи өнеркәсіптік-өндірістік кешен құру жоспарлануда, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындары болады. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпорындар мен логистикалық инфрақұрылым арасындағы өндірістік байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

АЭА аумағындағы жобаларға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 1,4 трлн теңге деңгейінде болады деп болжануда. 

Жаңа кәсіпорындарды іске қосу 14 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Осылайша, «Семей» АЭА ашылған кезде елімізде 15 өңірде 19 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейтін болады, олар жаңа өндірістерді ұлғайтуға және өнеркәсіп өнімдерін шығаруға мүмкіндік туғызады. 

Өңір экономикасы үшін сабақтас салаларды дамыту, жергілікті бизнестің тауарлары мен қызметтеріне сұранысты өсіру, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту сынды мультипликативті әсер күтілуде.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай облысы #экономика #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы-Қорғас және тағы екі тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі

Бүгін 12:12

Ақылы жолдарда жүк көліктері үшін тариф өзгеруі мүмкін

Бүгін 11:07

Елдің басым бөлігіне қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 10:05

ҚазҰУ-дың халықаралық бастамалары: ICESCO мәртебесі және Қытайдағы Әл-Фараби орталығы

Бүгін 09:48

Алматыда демеушілер есебінен тағы бір сквер пайда болады

Кеше 21:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);