Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті...

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

Әлеумет 17.04.2024, 13:39 1,004
Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті
Сурет: Gov.kz

2024 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік корпорация өз күшімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркелген 1319 бұзушылықты анықтады.


Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 249 бұзушылықты құраған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


- Мемлекеттік корпорация анықталған фактілерді құқық қорғау органдарына беріп, нәтижесінде 12 қылмыстық іс қозғалды.


- «Азаматтарға арналған үкіметтің» 90 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қызметкердің лауазымы төмендетілді, 9 қызметкермен еңбек шарты бұзылды.


- Бұзушылықтар ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызметінде, жылжымайтын мүлікті тіркеуде, жер кадастрында және т. б. бойынша анықталды.


- Бұл фактілер бойынша Алматы қаласы, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.


Осы орайда, Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанатынын атап өтуіміз керек. Қауіпсіздік қызметінің мамандарымен бұзушылықтарды ашу бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. "Азаматтарға арналған үкімет" құқық қорғау органдарымен өзара  тығыз байланыста және анықталған құқыққа қарсы іс-қимылдар туралы барлық фактілер дереу қарастыруға жіберіледі.


Қазіргі уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" пен ҚР ҚМА арасында бірлескен Меморандум әзірленуде. Ол көлік құралдарын мамандандырылған ХҚКО-ларда заңсыз тіркеуге қарсы күрес жүргізу барысында тараптардың ынтымақтастығын нығайтуға және күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.


Сонымен қатар, 2023 жылдың 16 қазанынан бастап сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін азайту үшін Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихандардың өткізу тәртібін қатаңдатуға мүмкіндік беретін 3.0 ЖЖЕ жүйесін енгізгенін еске саламыз.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік корпорация #заң бұзушылықтар #Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қар тоқтаусыз жауып жатыр: қала көшелері тәулігіне төртінші рет күреліп жатыр

Бүгін 14:04

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Бүгін 12:53

Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депутат "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс жүргізуді талап етті

Бүгін 12:28

Рамазан–2026: ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға бола ма?

Бүгін 12:15

Қыста ең пайдалы жемістер аталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі