AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік кеңесші IV Ұлттық құрылтай қорытындысы...

Мемлекеттік кеңесші IV Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша жиын өткізді

Әлеумет 15.03.2025, 21:32 958
Мемлекеттік кеңесші IV Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша жиын өткізді
видеодан алынды

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында Президент көтерген бастамалары мен берген тапсырмаларын орындауға қатысты жұмысты ұйымдастыру бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Ерлан Қарин Мемлекет басшысы өз сөзінде мәні зор гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалар туралы айтқанын және басқа да заңнамалық сипаттағы бірқатар маңызды тапсырма бергенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші жауапты органдарға Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыруға қатысты нақты құрылымы бар Іс-шаралар жоспарын мұқият пысықтап, әзірлеу туралы тапсырма берді.

Сондай-ақ жұмыс секциялары мен пленарлық бөлігінде Құрылтай мүшелерінің ұсыныстарына қатысты бөлек жоспар әзірлеуді тапсырды. Ерлан Қарин Президент бастамаларын жүзеге асыру туралы айта келіп, алдағы уақытта атқарылатын бірлескен жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік органдар, Құрылтай мүшелері, депутаттар мен сарапшылар белсене атсалысуы қажет екенін ерекше атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші Президент ұсынған мәні зор жобалар мен бастамаларды қоғам арасында және ақпарат кеңістігінде түсіндіру өте маңызды деді. Ал өзінің телеграм арнасында «Бурабайда өткен алқалы жиын бірнеше басты ерекшеліктерге ие. Президент сөзі мазмұны мен құрылымы жағынан жылдағы Жолдаумен пара-пар» деп жазды Ерлан Қарин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерлан Қарин #Ұлттық құрылтай #Бурабай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында бір күнде төрт теміржол вокзалы ашылды

Бүгін 20:31

ALMATY GASTRO WEEK Алматының 21 мейрамханасын бір алаңға біріктірді

Бүгін 17:46

Тоқаев Қорғаныс министрлігін толық тексеруді тапсырды

Бүгін 17:39

Алматыда Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы өтті

Бүгін 17:29

Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі

Бүгін 17:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);