Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мемлекеттік фельдъегерлік қызметке 30 жыл толды

Мемлекеттік фельдъегерлік қызметке 30 жыл толды

Заң мен тəртіп 20.12.2021, 16:48 1,118
Мемлекеттік фельдъегерлік қызметке 30 жыл толды
polisia.kz

Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 1991 жылы Үкімет қаулысымен құрылды.



Бұл қызметтің басты міндеті – аса маңызды және құпия хат-хабарларды жеткізу, сондай-ақ, басқа мемлекеттердің фельдъегерлік қызметтерімен өзара байланыста болу. Фельдъегерлер мемлекеттік мекемелердің, жоғары билік пен басқару органдарының және жоғары әскери қолбасшылықтың құжаттарын жеткізеді.



Мереке күні фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды. Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.


Көпшілік фельдъегер мамандығының бар екенін, оның қыр-сыры неде екенін түсіне бермейді. Соған қарамастан, мемлекеттік маңызы бар хат-хабарларды жеткізу – бұл көптеген дағдылар мен үлкен жауапкершілікті қажет ететін қызмет екенін ұғу қиын емес.


Атаулы күнде марапатталғандардың бірінің айтуынша, фельдъегерлік қызмет қызметкерлері өзін-өзі қорғау дағдыларына ие болуы керек, атыс қаруын қолдана білуі қажет және шабуыл болған жағдайда өзіне жүктелген хабарды немесе құжатты кез келген жолмен қорғауға дайын болуы шарт.



“Бұл қызметте адам психологиялық сипаттағы қасиеттерге ие болуы керек. Сонымен қатар білімді және заңды жақсы меңгерген болуы қажет. Физикалық көрсеткіштер де өте маңызды. Неге десеңіз, біз аса маңызды құжаттармен жұмыс істейміз. Бізге сеніп тапсырылған құжат автоматты түрде тиісті адамның қолына жетуі қажет. Қызмет барысында әртүрлі жағдайлар кездесуі мүмкін, соған дайын болу керек”, – деп атап өтті Түркістан қаласы МФҚ бастығы Сапарғали Сәбитов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фельдегер #Кәсіп #мерке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика