AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284...

Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады

Әлеумет 06.03.2026, 12:42 591
Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады
Сурет: Gov.kz

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Сонымен бірге, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1 мыңнан астам фактісі анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым берілді және 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2026 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1125 тексеру жүргізді, оның барысында 1228 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1055; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 161; халықты жұмыспен қамту бойынша – 12.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 354 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек инспекциясы #мемлекеттік еңбек инспекциясы #берешек #кәсіпорындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ескертті: үш облыстың аумағынан әскери техника өтеді

Бүгін 11:31

Жексенбіде ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:05

Гүл шоқтары мен ерекше сый-құрмет: Алматы Энрике Иглесиасты қалай қарсы алды

Кеше 22:18

«Алматы, сені сүйемін!»: Энрике Иглесиас жанкүйерлеріне қазақ тілінде үн қатты

Кеше 22:16

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті басталды

Кеше 21:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);